{metadescription}
Эльмира Джамилова

Эльмира Джамилова

Қызметі: Генеральный директор

Марапаттары Почетные грамоты Президента РК Благодарность Президента РК Орден «Құрмет»

<p>Джамилова Эльмира  Нариманқызы  қызмет жолын «Қазақ радиосында»  Өнер және мәдениет бас редакциясында аға редактор болып бастады.   Бұл кезінде Қазақстандағы эфир таратылымы  дәстүрінің негізін қалаған   радиожурналистика шеберлері жүргізген  мол, жан-жақты тәжірибе жинақтауға үлкен себін тигізді.  </p> <p>Сосын «Хабар» агенттігі, онда жарнама бөлімі менеджерінен  Бағдарламалар дирекциясы арнайы жобаларының бас продюсері  қызметің  атқарды.  Тап сол жерде ТВ-маркетинг, брендингтен  машықтанып,  телеарна туралы оң әсер қалыптастыру, өндіру және контентті бағдарлау, медиажоспарлау мен жоба имиджі  саласына үлесін қосты.  Екі жылдан соң  Қазіргі саясат халықаралық интитутында   PR-жобаларды басқарып,  саяси маркетинг және сайлауалды технологиялар саласында мол тәжірибе жинады. 2007  «КТК» телеарнасына шақырылып,  9 жыл бойы Бас директордың орынбасары міндетін атқарды. Эльмира Нариманқызы  жұмыс істеген жылдары  телееарна үздіксіз дамыған компанияға айналды.  КТК қазір Қазақстан телевизиялық рыногындағы ақпараттық таратылым бойынша көш бастап тұр. Сондай-ақ,  меншікті бағдарлама шығару және сериал өнімі жағынан алғы шепте. <br /> Айта кету керек, Эльмира Нариманқызы «Алматы – іңкәрім менің» музыкалық ретро-фестивалінің ұйымдастыру комитетін басқарады және республикалық  маңызды  бірқатар әлеуметтік жобалардың бас продюсері. Оның арасында «Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр» әлеуметтік жарнамалар топтамасы, ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған роликтер сериясы, анимациялық елдік жобалар,  сондай-ақ  КТК арнасының көптеген деректі арнайы жобалары бар. <br /> ҚР Президентінің үш бірдей Құрмет грамотасы,  ҚР Президентінен Алғыс хат және «Құрмет» орденімен марапатталған.</p>
Қазір эфирде