{metadescription}

Дау-дамайсыз

Дау-дамайсыз

Ведущая

Жазира Бегалы

Жазира Бегалы

Контакты

+77085410190; +77017157754; +77780031417
DD@ktk-tv.kz
Дау-дамайсыз

Дау-дамайсыз

Заң қауқарсыз болып шықса не істеу қажет? Егер оны өзгерту мүмкін болмаса, түйткілді тарқатуға болады. Ол үшін өзгелерге жалтақтамай, өзің кіріс! Бастысы,  заң аясында әрекет етіп, дау-дамайсыз шешуге болады!

:

Алматы облысы, Кербұлақ ауданы. Шағын ауылдағы Жоламан орта мектебінен шатақ шықты. 4-ші сынып оқушысына өз сыныптастары әлімжеттік көрсеткен. Ұзақ жылдар бойы жалғасқан үздіксіз соққыдан 10 жасар Әлихан аудандық аурухананың жансақтау бөліміне түсті.  Дәрігерлер сыртқы күштен қатты соққы алғанын айтуда. Әлімжеттік бар, қылмыстың құрамы анықталғанын құқық қорғау орындары да дәлелдеді. Алайда, мектеп ұжымы шатақтан бастарын алып қашуда. «Дау-дамайсыз» бағдарламасының арқасында шұғыл комиссия құрылып, енді кінәлі жақ тиісті жазасын алмақ.

Бағдарламаға қатысушылар: Ерік Игіліков, Әлиханның әкесі; Дастан Қасымов, реаниматолог-дәрігер; Әлихан Әйткен, оқушы; Асылхан Едресұлы, заңгер; Мұхтар Көшеков, хирургия бөлімінің меңгерушісі; Қанат Қалдыбаев, аудандық аурухананың бас дәрігері; Әйкен Үнімдинова, Әлиханның анасы; Райгүл Сейдахметова, Кербұлақ аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы; Болысбай Момбаев, Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасары; Меруерт Әбдіқалиева, облыстық б.б. тәрбие ісі жөніндегі маман; Әлиям Молотова, облыстық қамқоршылық-қорғаншылық бөлімінің басшысы; Азамат Жаңабердиев, Жоламан орта мектебінің директоры; Айнагүл Қарамысова, сынып жетекшісі; Клара Әбілдаева, аға-әдіскер; Мағжан, тергеуші.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде