{metadescription}

Кеттік тойға

Кеттік тойға

Ведущий

Қосқанат Көпжасар

Қосқанат Көпжасар
 Кеттік тойға

Кеттік тойға

Тағдыр тартысы, өмір өткелдері... Өмір сын мен сынақтан тұрады. Қиындыққа мойымай, сәтсіздікке сағы сынбай өмір белестерінен өткен жандар – біздің бағдарламаның кейіпкерлері. Әр қиындықтың бір қайыры бар дегендей, оларды енді қуанышты күндер қарсы алмақ. Тойларына күтпеген жерден танымал эстрада жұлдызы барып, әннен шашу шашып жатса, нағыз тосын сый деген осы болмақ. Біздің бағдарламаның мақсаты - құрметке лайықты жандарға тосын сый жасау.

:

Шыр етіп дүниеге келгеннен әр күнің, әр қадамың мереке. Өйткені, қазақ – тойшыл халық. Шілдехана, бесік тойдан бастап, әр қызығың «ақ түйенің қарыны жарылған» қуанышты күн есептеліп, қазан көтеріледі.  Ия, қазақта той көп, бірақ ұлығы қайсы?

Күміс той. Ширек ғасыр. Айтқанға оңай, әрине. Алайда, 25 жылдың қоржынында талай қиындықтар мен қызықтардың болғаны анық.

Жалпы әр адамның өмір сүру қағидасы әр алуан. Мәселен, біреулер табиғатынан жалқаулықтың торынан шыға алмай, кез-келген нәрсеге еш қиындықсыз қол жеткізудің жолын іздесе, енді біреулер мақсатқа жету жолында бар күш жігерін аямай еңбек етеді. Ал, бүгін «Кеттік тойға» бағдарламасы маңдай тер, табан етімен адал еңбек етудің не екенің жақсы түсінетін жанға тосын сый жасамақ.

Болат есімді бұл азамат «өмірде өзгеге емес, өзіңе ғана сен» деген қағидамен өмір сүретін жан. Ол ес білгелі бері әке-шешенің айтқан ақылын жадына сақтап, әр нәрсеге өз еңбегімен қол жеткізуді мақсат етті, оған қоса еңбекқор болғанда ғана көштен қалмайтынын ұқты. Бүгінде бойындағы сол қасиетіне туыстары сүйсіне қарайды.  

 

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

21 қыркүйек

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.