{metadescription}

Кеттік тойға

Кеттік тойға

Ведущий

Қосқанат Көпжасар

Қосқанат Көпжасар
Кеттік тойға

Кеттік тойға

Тағдыр тартысы, өмір өткелдері... Өмір сын мен сынақтан тұрады. Қиындыққа мойымай, сәтсіздікке сағы сынбай өмір белестерінен өткен жандар – біздің бағдарламаның кейіпкерлері. Әр қиындықтың бір қайыры бар дегендей, оларды енді қуанышты күндер қарсы алмақ. Тойларына күтпеген жерден танымал эстрада жұлдызы барып, әннен шашу шашып жатса, нағыз тосын сый деген осы болмақ. Біздің бағдарламаның мақсаты - құрметке лайықты жандарға тосын сый жасау.

:

Әдетте ГАИ қызметкері кездессе, ат тонын ала қашатынымыз жасырын емес. Алыстан бұқпантайлап, көзіне түспеуге тырысамыз. Ал бүгін ГАИ қызметкерін өзіміз іздеп бармақпыз.

Нұржан Айтжанұлы Алматы қаласы жолды бақылайтын техникалық бөлімнің орынбасары. Ол 27 жыл өмірін осы салаға арнаған. Еңбек жолын сержант болып бастаған азамат полковник шеніне дейін көтерілен.

Тәулікте 24 сағат бар. Уақыт ағымы бай мен кедейге, хан мен қараға қарамайды, бәріне бірдей. Тек өмірден өз орныңызды тауып, қоғамдық мәртебеңізді бекіту өз қолыңызда. Әр мамандықтың қиындығы мен қызығы қатар жүретіні де рас. Қызықты қуана айтып, әріптестеріңізбен әзілдескенге не жетсін?! Оның үстіне мамандығыңыз ГАИ қызметкері болса.

Халқымыз нәресте дүниеге келсе шілдехана, сүндет той, тұсаукесер деп  баланың әр қуанышын жақындарымен, туған-туысымен бөлісіп жатады. Біз бүгін Алматы қаласының тұрғыны, 80 жастағы Советбек қарияның отбасындағы қуаныштың куәсі боламыз. Ұзақ жасаудың бір құпиясы – отбасында бақытты ғұмыр кешу. Осылай деген 80 жастағы Советбек ақсақалдың 5 ұлы бар. Жанұяда сыйлы қарияның бала-шағасы мен келіндеріне деген ықыласы ерекше. Алайда, Советбек атай үшін осы тату-тәтті шаңырақтағы немере қызының орны бір бөлек. Әділ мен Айнұрдың үйленгендерінің өзі қызыққа толы хикая. Бұған дейін қос ғашықтың ата-аналары 30 жыл бойы отбасылырымен дос болып араласады. Күндердің күнінде бір шаңырақта ұл, ал екіншісінде қыз бала дүниеге келеді. Ұлға Әділ, қызға Айнұр деген есім беріледі.

Әділ мен Айнұр туылғанда достыққа берік ата-аналары бір-біріне «болашақта құда боламыз» деп әзілдескен екен. Бұл қалжындарын балалары есейгенге дейін қоймаған.

Үлкендер айтты. Қойды. Алайда, уақыт өте айтқандары келіп, 18-ге толғанда бозбала мен бойжеткен бір-бірін құлай сүйіп қалады.

Бүгінде шаттыққа толы шаңырақта қуанышты күн. Әділ мен Айнұрдың тұңғыш ұлдары Дарудың– сүндет тойы. Сүндет той - қазақ даласында ежелден ерекше аталып өтетін, көптеген өзіндік жөн-жоралғылары бар маңызды той.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде