{metadescription}

КТК web

КТК web
КТК web - 1 маусым 15 эпизод

КТК web - 1 маусым 15 эпизод

15.01.2021

«КТК web» - әлеуметтік желідегі ең қызықты және көп талқыланған видеолардың топтамасы. Оқиғаның өзі ғана емес, оның себебі мен салдары айтылады. Осы санда бүлдіршіндердің бұзықтығы, қарақшылардың  әрекеті, кондукторлардың айқай шуы, жігіттердің төбелесі, егіздердің тәтті қылықтары, мектеп бітіруші түлектер мен әлеуметтік желі үшін кез келген іске дайын қолданушылар жайлы желідегі қызықты видеоларды көрермен назарына ұсынамыз.

Бұл мәселеде:

Ата болғанша атың шықпаса апат жаса! Келес ауданының орталығында жол үшін қасарысқан қария қарсыласының көлігін жаншып өтті. Алматыда бос жердегі төбешік таласқа түсті! Сырғанақ жасап оңай олжаға кенелгендер жаға жыртысып жатыр. Атырау тұрғыны итте иттік жасаған. Ол мақұлықты көлігіне байлап, көше бойымен сүйреткен. Танымал эстрада жұлдыздарының төбелесі әлеуметтік желіні шулатты. Маңғыстау облысында жаяу жүргіншіге жол бермеген полицей жазасын алды. Сақтансан сақтайды! Ақтау әуежайында бетперде 1000 теңгеден сатылуда. Жамбылдық 15 жастағы шопан TikTok жұлдызына айналды. Жасөспірім қойшының күнделікті өмірін түсіреді және оқырмандарының сұрақтарына жауап береді.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.