{metadescription}

КТК web

КТК web
КТК web - 1 маусым 4 эпизод

КТК web - 1 маусым 4 эпизод

02.10.2020

«КТК web» - әлеуметтік желідегі ең қызықты және көп талқыланған видеолардың топтамасы. Оқиғаның өзі ғана емес, оның себебі мен салдары айтылады. Осы санда бүлдіршіндердің бұзықтығы, қарақшылардың  әрекеті, кондукторлардың айқай шуы, жігіттердің төбелесі, егіздердің тәтті қылықтары, мектеп бітіруші түлектер мен әлеуметтік желі үшін кез келген іске дайын қолданушылар жайлы желідегі қызықты видеоларды көрермен назарына ұсынамыз.

Бұл мәселеде:

Шудың «шөбі» кәдеге жарады. Жамбыл облысында жабайы есірткіні өңдейтін зауыт салынбақ. Шіренген шенеунікке әріптесінің әрекеті сабақ болмады! Алматы облысының мемлекеттік қызметкерлері тағы да сөз астында қалды. Тыйым салынған той өткізіп, айыппұлмен құтылу сәнге айналып барады. Ауылға жетпеген интернет автобустарға қойылды. Алматыда қоғамдық көліктерге тегін Wi-Fi орнатылуда. Олпы-солпы күйінде сахнаға шығып, көрерменге бейәдеп қылық танытқан өнерпаздар заңмен жазаланады. Сайлау алдындағы сойқан! Үміткерлердің бірі жұдырықтасса, екіншілері уәдені үйіп-төгуде. Сот жемқорды қамаса, жұрт сабауға кірісті! Сол жағалауды кезген жабайы жануарлар!Теплоходтағы сауық кеші! Елордалықтар үй шатырында би кешін ұйымдастырған алматылықтарды артта қалдырды. Қазақ байыса қатын алады! Парламентке дейін жетіп, талай рет талқыланған тоқал мәселесіне әлі де нүкте қойылған жоқ.

Соңғы шығарылымдар

Кеше

Қазір эфирде