{metadescription}

КТК web

КТК web
КТК web - 1 маусым 7 эпизод

КТК web - 1 маусым 7 эпизод

23.10.2020

«КТК web» - әлеуметтік желідегі ең қызықты және көп талқыланған видеолардың топтамасы. Оқиғаның өзі ғана емес, оның себебі мен салдары айтылады. Осы санда бүлдіршіндердің бұзықтығы, қарақшылардың  әрекеті, кондукторлардың айқай шуы, жігіттердің төбелесі, егіздердің тәтті қылықтары, мектеп бітіруші түлектер мен әлеуметтік желі үшін кез келген іске дайын қолданушылар жайлы желідегі қызықты видеоларды көрермен назарына ұсынамыз.

Бұл мәселеде:

Түркиядан Ақтөбеге оралған туристердің жанайқайы. Шетелден келген отандастарымыз стационарлық орталықтағы жағдайға шошынып отыр. Пандемия оқу мен жұмысты ғана емес, полицейлердің жұмысын да онлайн форматқа ауыстырды. Тексеруден көз ашпайтын базарлар түнгі ауысымға көшті. Жол салудың ерекше тәсілі. Жаңа асфальтқа тұрғындардың арнайы эксперименті. Сылқымдарға сатыламын! Талдықорғанда жезөкше жігіттер ұсталды. Боратқа қарсы байкот Тайм-Скверге жетті. Егістік басындағы ерегіс! Қызылорда облысында егін жинауға таласқан кәсіпкерлер арасында қақтығыс туындады.

Қытайда қазақ қызының жұлдызы жанды! «Sing! China» музыкалық жобасында Мәдина Думанқызы байқаудың келесі кезеңіне өтті.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.