{metadescription}

КТК web

КТК web
КТК web - 1 маусым 9 эпизод

КТК web - 1 маусым 9 эпизод

06.11.2020

«КТК web» - әлеуметтік желідегі ең қызықты және көп талқыланған видеолардың топтамасы. Оқиғаның өзі ғана емес, оның себебі мен салдары айтылады. Осы санда бүлдіршіндердің бұзықтығы, қарақшылардың  әрекеті, кондукторлардың айқай шуы, жігіттердің төбелесі, егіздердің тәтті қылықтары, мектеп бітіруші түлектер мен әлеуметтік желі үшін кез келген іске дайын қолданушылар жайлы желідегі қызықты видеоларды көрермен назарына ұсынамыз.

Бұл мәселеде:

Қасқырға қой бақтырған! Алматы облысында лауазымды испектор браконьерлікпен айналысқан. Кешкі серуеннің ерекше түрі. Елорда тұрғыны әйелін көлік ішіне емес, капотына жайғастырған күйінде жолға шыққан. Әкең әкім болса, тойға рұқсат бар! Оралдағы мейрамханалардың бірінде ауыл әкімі ұлының үйлену тойын дүркіретіп өткізді. Жалдамалы пәтерді есірткі зертханасына айналдырған. Қарағандыда үш жасөспірім синтетикалық есірткіні интернеттегі рецепт бойынша дайындаған. Өзгені жазалап, өздері талапқа бағынбаған. Алматыда СЭС мамандары санитарлық талапты аяқ асты еткен. 25 жыл күткен асфальт алғашқы қармен бірге келді. Көкшетауда мердігер жапалақтаған қармен жағаласып, құрылыс жүргізді.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде