{metadescription}

КТК web

КТК web
КТК web - 1 маусым 31 эпизод

КТК web - 1 маусым 31 эпизод

14.05.2021

«КТК web» - әлеуметтік желідегі ең қызықты және көп талқыланған видеолардың топтамасы. Оқиғаның өзі ғана емес, оның себебі мен салдары айтылады. Осы санда бүлдіршіндердің бұзықтығы, қарақшылардың  әрекеті, кондукторлардың айқай шуы, жігіттердің төбелесі, егіздердің тәтті қылықтары, мектеп бітіруші түлектер мен әлеуметтік желі үшін кез келген іске дайын қолданушылар жайлы желідегі қызықты видеоларды көрермен назарына ұсынамыз.

Бұл мәселеде:

Риддер қаласының аумағында төтенше жағдай жарияланды. Апта басында басталған өрт бір тұрғынның өмірін жалмап, екеуі оңбай күйіп қалған. Талдықорғанда мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған коттедждер желден қирап жатыр. Әскерден қашпақ болып, аяғын сындырды. Павлодарда әскери борышын өтеуден жалтарған жігіт дәрігерлер қарауында. Шымкентте көкке ұшырылған шардан тұрғындар жарықсыз қалды. Ал Алматы облысында парапланмен оңбай құлап, зардап шеккен инструктор өмір мен өлім арасында жатыр. Ақтауда тоқ соққан адамға жедел жәрдем келмей, оларды жетектеп әкелуге тура келді. Түркістанда айналма жолды айнала жүріп, жедел жәрдем жүргізушісі дауыс зорайтқышымен ән шырқады. Түркістан облысында мәтінді ежіктеп оқыған ұстаз көптің талқысына түсті. Қарағандының құрылыс алаңдарының бірінде құрылысшылар арасында қақтығыс болды.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.