{metadescription}
<

Жүрекжарды

Жүрекжарды
Құман Тастанбеков

Құман Тастанбеков

Елдің ерекше назарына іліккен ірі тұлғалардың өмірінен сырт шерткізетін кішігірім деректі фильм. Көрермен үшін қай кезде де адамның тағдыры қызық. Аты аңызға айналған жандар басындағы шаттығы мен мұңын, өзінің бір кем дүниесін айтып ағынан жарылады.

:

Құман Нұрмағанұлы Тастанбеков 1945 жылы 10 наурызда Алматы облысы Сарқант ауданы Екіаша ауылында дүниеге келген. Актер, ҚР-ның халық артисі (1993 ж.). 1969 жылы Алматы мемлекеттік өнер институтының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) актерлік факультетін (ұстазы – профессор Х.Бөкеева) бітірген соң, Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрының құрамына қабылданды. Оның алғаш ойнаған рөлі – “Қыз Жібек” фильміндегі Төлеген (1970 ж.). Бұдан кейін “Қыс – мазасыз маусым”, “Ағам менің”, “Ерекше күн”, “Аққулар ұшып келеді”, “Махаббат жаңғырығы”, “Ағама арналған қалыңдық”, “Қараша қаздар қайтқанда”, “Провинциялық хикая”, “Алаң шеті”, “Өрнек”, т.б. фильмдеріне түсті.

 

Кеше

Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.