{metadescription}

Астарлы ақиқат

Астарлы ақиқат

Жүргізуші

Дина Төлепберген

Дина Төлепберген

Байланыс

+77776800070
Astarly_akikat@ktk-tv.kz
Әйелім жүргіш 1 маусым 1 эпизод

Әйелім жүргіш 1 маусым 1 эпизод

Жексенбі - 19:00

Көрермен көзайымына арналған «Астарлы ақиқат» бағдарламасы енді ток-шоу форматында шығады. Қордаланған мәселе, күрмеуі қиын түйіткіл тың ток-шоудың назарынан тыс қалмайды. «Астарлы ақиқат» талай жылаған жанды жұбатып, қиналғанға көмек көрсетіп, сүрінгенге сүйеу болған. Бұқараның басындағы түйткіл өзгермепті. Тұқыртқан тұрмыс, алаяқтар қақпаны, отбасыдағы шытынаған қарым-қатынас. Сабыры сарқылып, төзімі таусылғандардың жанайқайы тіптен бағдарламада жанжалға ұласып жатыр. Белгілі тележүргізуші Дина Төлепберген енді бір студияда кейіпкерлермен ақиқаттың астарын ақтарып, түйіткілдің күрмеуін бірге шешуге тырысады.

Бұл мәселеде:

Балаға таласқан әке мен шеше бір-бірін жағадан алуға бар. Түркістандық Сұлтанбек тіпті бұрынғы жарын жезөкшелікпен айналысады деп айыптап жатыр. Мұнысын дәлелдеуге де тырысты. Ал екі баланың анасы – Дананың бұған қандай уәжі бар? Тараптарды студияда табыстыру мүмкін бе? Кәмелет жасына толмаған ұл мен қыздың ендігі тағдыры не болмақ? «Астарлы ақиқат» ток-шоуының алаңында берекесі қашқан бұл отбысының ащы шындықтары айтылды.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде