{metadescription}

Астарлы ақиқат

Астарлы ақиқат

Жүргізуші

Дина Төлепберген

Дина Төлепберген

Байланыс

+77776800070
Astarly_akikat@ktk-tv.kz
Баламды қайтарыңыз 1 маусым 2 эпизод

Баламды қайтарыңыз 1 маусым 2 эпизод

Жексенбі - 19:00

Көрермен көзайымына арналған «Астарлы ақиқат» бағдарламасы енді ток-шоу форматында шығады. Қордаланған мәселе, күрмеуі қиын түйіткіл тың ток-шоудың назарынан тыс қалмайды. «Астарлы ақиқат» талай жылаған жанды жұбатып, қиналғанға көмек көрсетіп, сүрінгенге сүйеу болған. Бұқараның басындағы түйткіл өзгермепті. Тұқыртқан тұрмыс, алаяқтар қақпаны, отбасыдағы шытынаған қарым-қатынас. Сабыры сарқылып, төзімі таусылғандардың жанайқайы тіптен бағдарламада жанжалға ұласып жатыр. Белгілі тележүргізуші Дина Төлепберген енді бір студияда кейіпкерлермен ақиқаттың астарын ақтарып, түйіткілдің күрмеуін бірге шешуге тырысады.

Бұл мәселеде:

7 баланың анасы Фатима Әлімқұлова күйеуі қайтыс болған соң, үш баласына деген аналық құқынан айырылып қалды. Ауырып жүргенде қайын әпкем Бағила алдап-сулап келісімге қол қойғызып алды дейді келіншек. Енді өз мәселесіне қоғам назарын аудартуды қалайды. Ең болмағанда балаларымды көріп тұруға рұқсат берсе деген талабы бар.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде