{metadescription}

Астарлы ақиқат

Астарлы ақиқат

Жүргізуші

Дина Төлепберген

Дина Төлепберген

Байланыс

+77272597811; +77272581373; +77787213310; +77017299318
Astarly_akikat@ktk-tv.kz
Астарлы ақиқат - Жұмбақ өлім 1 маусым 13 эпизод

Астарлы ақиқат - Жұмбақ өлім 1 маусым 13 эпизод

Дүйсенбі-бейсенбі - 20:00

Көрермен көзайымына арналған «Астарлы ақиқат» бағдарламасы енді ток-шоу форматында шығады. Қордаланған мәселе, күрмеуі қиын түйіткіл тың ток-шоудың назарынан тыс қалмайды. «Астарлы ақиқат» талай жылаған жанды жұбатып, қиналғанға көмек көрсетіп, сүрінгенге сүйеу болған. Бұқараның басындағы түйткіл өзгермепті. Тұқыртқан тұрмыс, алаяқтар қақпаны, отбасыдағы шытынаған қарым-қатынас. Сабыры сарқылып, төзімі таусылғандардың жанайқайы тіптен бағдарламада жанжалға ұласып жатыр. Белгілі тележүргізуші Дина Төлепберген енді бір студияда кейіпкерлермен ақиқаттың астарын ақтарып, түйіткілдің күрмеуін бірге шешуге тырысады.

Бұл мәселеде:

1983 жылы туған Сайрангүл Лайсқызы жұмбақ жағдаймен өмірден озған. 2009 жылы 23 жасында өзінен 6 жас кіші Ерғали есімді азаматпен тұрмыс құрыпты. Үш баласы бар, оқу да бітірмеген. Балаларының үлкені жетіде, ортаншысы төртте, кішісі екі айлық. Өзі Қытайдан көшіп келген екен . Ата –анасы да өмірден озған жандар. Ешқандай дерті болмаған Сайрангүл 2018 жылы 14 қараша қайтыс болады. Марқұмның жақындары туысының өліміне оның күйеуін кінәләйді. Не себепті және қалай өмірден озды оның астарын «Астарлы ақиқатта» анықтаймыз.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде