{metadescription}

Астарлы ақиқат

Астарлы ақиқат

Жүргізуші

Дина Төлепберген

Дина Төлепберген

Байланыс

+77272597811; +77272581373; +77787213310; +77017299318
Astarly_akikat@ktk-tv.kz
Астарлы ақиқат - Екінші көктем 2 маусым 16 эпизод

Астарлы ақиқат - Екінші көктем 2 маусым 16 эпизод

Дүйсенбі-бейсенбі - 20:00

Көрермен көзайымына арналған «Астарлы ақиқат» бағдарламасы енді ток-шоу форматында шығады. Қордаланған мәселе, күрмеуі қиын түйіткіл тың ток-шоудың назарынан тыс қалмайды. «Астарлы ақиқат» талай жылаған жанды жұбатып, қиналғанға көмек көрсетіп, сүрінгенге сүйеу болған. Бұқараның басындағы түйткіл өзгермепті. Тұқыртқан тұрмыс, алаяқтар қақпаны, отбасыдағы шытынаған қарым-қатынас. Сабыры сарқылып, төзімі таусылғандардың жанайқайы тіптен бағдарламада жанжалға ұласып жатыр. Белгілі тележүргізуші Дина Төлепберген енді бір студияда кейіпкерлермен ақиқаттың астарын ақтарып, түйіткілдің күрмеуін бірге шешуге тырысады.

Бұл мәселеде:

Жасымыз 50-ге толғаннан кейін не істеген орынды? Аға-әпкелеріміздің көбі осы жасқа келгеннен кейін бірден қарттылыққа дайындала бастайды. Қоғамда 50 жастан асқан адамдарды көп дүниеден шектейді. Бұл қаншалықты дұрыс? Қарттардың көбі, 50 ден кейін нағыз өмір басталады дейді. Ол қалайша? Астарын ақтарайық. Махаббат мезгілге бағынбайды! Бұған көз жеткізу үшін «Астарлы ақиқат» жас ұлғайғанда серігін тапқандар мен 60 жыл отасқандар, сексенінде серілік құрған жандарды анықтамақ.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

22 ақпан

Қазір эфирде