{metadescription}

Астарлы ақиқат

Астарлы ақиқат

Жүргізуші

Дина Төлепберген

Дина Төлепберген

Байланыс

+77272597811; +77272581373; +77787213310; +77017299318
Astarly_akikat@ktk-tv.kz
Астарлы ақиқат -  Ерланның ерлігі 2 маусым 33 эпизод

Астарлы ақиқат - Ерланның ерлігі 2 маусым 33 эпизод

Дүйсенбі-бейсенбі - 20:00

Көрермен көзайымына арналған «Астарлы ақиқат» бағдарламасы енді ток-шоу форматында шығады. Қордаланған мәселе, күрмеуі қиын түйіткіл тың ток-шоудың назарынан тыс қалмайды. «Астарлы ақиқат» талай жылаған жанды жұбатып, қиналғанға көмек көрсетіп, сүрінгенге сүйеу болған. Бұқараның басындағы түйткіл өзгермепті. Тұқыртқан тұрмыс, алаяқтар қақпаны, отбасыдағы шытынаған қарым-қатынас. Сабыры сарқылып, төзімі таусылғандардың жанайқайы тіптен бағдарламада жанжалға ұласып жатыр. Белгілі тележүргізуші Дина Төлепберген енді бір студияда кейіпкерлермен ақиқаттың астарын ақтарып, түйіткілдің күрмеуін бірге шешуге тырысады.

Бұл мәселеде:

«Астарлы ақиқаттың» бұл саны айдың күннің аманында ақбөкен үшін арпалысып, қаскөйлердің қолынан қаза тапқан Қарағанды облысының табиғат қорғаушысы-Ерлан Нұрғалиевке арналады.  Дархан дала еркесі саналатын ақбөндердің аштықтан емес, аш көздіктен құрып бара жатқаны қынжылтады. Киелі жануар қаскөй аңшылар үшін кәсіптің көзіне айналды. Киіктерді 2021 жылға дейін атуға мораторий жарияланғанмен,  оны құртып жатқан қылмыскерлердің қарасы азаяр емес.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.