{metadescription}

Астарлы ақиқат

Астарлы ақиқат

Жүргізуші

Дина Төлепберген

Дина Төлепберген

Байланыс

+77272597811; +77272581373; +77787213310; +77017299318
Astarly_akikat@ktk-tv.kz
Астарлы ақиқат - Әйеліме сенбеймін 2 маусым 42 эпизод

Астарлы ақиқат - Әйеліме сенбеймін 2 маусым 42 эпизод

Дүйсенбі-бейсенбі - 20:00

Көрермен көзайымына арналған «Астарлы ақиқат» бағдарламасы енді ток-шоу форматында шығады. Қордаланған мәселе, күрмеуі қиын түйіткіл тың ток-шоудың назарынан тыс қалмайды. «Астарлы ақиқат» талай жылаған жанды жұбатып, қиналғанға көмек көрсетіп, сүрінгенге сүйеу болған. Бұқараның басындағы түйткіл өзгермепті. Тұқыртқан тұрмыс, алаяқтар қақпаны, отбасыдағы шытынаған қарым-қатынас. Сабыры сарқылып, төзімі таусылғандардың жанайқайы тіптен бағдарламада жанжалға ұласып жатыр. Белгілі тележүргізуші Дина Төлепберген енді бір студияда кейіпкерлермен ақиқаттың астарын ақтарып, түйіткілдің күрмеуін бірге шешуге тырысады.

Бұл мәселеде:

Тимур соңғы үш жылдан бері күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айырылған. Әйелі көзіне шөп салып жүр ме деген күдік оны мазаның шырмауына матады. Бірақ, сүйген жарының  сатқындығын  әшкере етер нақты дәлелі жоқ. Аппазов ауысыммен жұмыс істейді. Сондықтан, үйге ат ізін сирек салады. Бір жолы пәтеріне оралғанда, әйелі оны у-дай мас қарсы алған. Тимурдың бір ақ күнде сабыры сарқылып, ашуға мінді. Өйткені, порносайттардың бірінде өзінің әйелінен аумайтын келіншекті кездейсоқ көзі шалған.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

20 қыркүйек

Қазір эфирде