{metadescription}

Астарлы ақиқат

Астарлы ақиқат

Жүргізуші

Дина Төлепберген

Дина Төлепберген

Байланыс

+77272597811; +77272581373; +77787213310; +77017299318
Astarly_akikat@ktk-tv.kz
Астарлы ақиқат - Бала ма? Байлық па? 2 маусым 46 эпизод

Астарлы ақиқат - Бала ма? Байлық па? 2 маусым 46 эпизод

Дүйсенбі-бейсенбі - 20:00

Көрермен көзайымына арналған «Астарлы ақиқат» бағдарламасы енді ток-шоу форматында шығады. Қордаланған мәселе, күрмеуі қиын түйіткіл тың ток-шоудың назарынан тыс қалмайды. «Астарлы ақиқат» талай жылаған жанды жұбатып, қиналғанға көмек көрсетіп, сүрінгенге сүйеу болған. Бұқараның басындағы түйткіл өзгермепті. Тұқыртқан тұрмыс, алаяқтар қақпаны, отбасыдағы шытынаған қарым-қатынас. Сабыры сарқылып, төзімі таусылғандардың жанайқайы тіптен бағдарламада жанжалға ұласып жатыр. Белгілі тележүргізуші Дина Төлепберген енді бір студияда кейіпкерлермен ақиқаттың астарын ақтарып, түйіткілдің күрмеуін бірге шешуге тырысады.

Бұл мәселеде:

Зорлықтан қорлыққа ұласқан өмір. Әлия Байділдаева жалпақ жұртқа Шымкенттің экс-әкімі Өмірзақ Әметұлының өзін зорлағанын жайып салған еді. Осыдан 12 жыл бұрын кәмелетке толмаған бойжеткен одан жүкті болып, атқамінер Әлияны тоқал еткен көрінеді. Өмірге үлкен қызы мүгедек болып келді. Байділдаева екінші қызы Қасиет те экс-әкімнің баласы дегенмен, Өмірзақ Әметұлы оны мойындамаған. Кешегі әкім, бүгінгі кәсіпкердің ойнатпаған әңгіртаяғы жоқ дейді. Араша іздеп Алматыға алдыңғы жылы келді.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде