{metadescription}

Астарлы ақиқат

Астарлы ақиқат

Жүргізуші

Дина Төлепберген

Дина Төлепберген

Байланыс

+77272597811; +77272581373; +77787213310; +77017299318
Astarly_akikat@ktk-tv.kz
Астарлы ақиқат - Түйенің зәрі 2 маусым 49 эпизод

Астарлы ақиқат - Түйенің зәрі 2 маусым 49 эпизод

Дүйсенбі-бейсенбі - 20:00

Көрермен көзайымына арналған «Астарлы ақиқат» бағдарламасы енді ток-шоу форматында шығады. Қордаланған мәселе, күрмеуі қиын түйіткіл тың ток-шоудың назарынан тыс қалмайды. «Астарлы ақиқат» талай жылаған жанды жұбатып, қиналғанға көмек көрсетіп, сүрінгенге сүйеу болған. Бұқараның басындағы түйткіл өзгермепті. Тұқыртқан тұрмыс, алаяқтар қақпаны, отбасыдағы шытынаған қарым-қатынас. Сабыры сарқылып, төзімі таусылғандардың жанайқайы тіптен бағдарламада жанжалға ұласып жатыр. Белгілі тележүргізуші Дина Төлепберген енді бір студияда кейіпкерлермен ақиқаттың астарын ақтарып, түйіткілдің күрмеуін бірге шешуге тырысады.

Бұл мәселеде:

Алматы облысының Ақши ауылында Өтеміс Махановтың шаруа қожалығы бар. Бүгінде ол екі жүз бас ойсылқара тұқымын өсіріп отыр. Ақсақал түйені өсіріп, сүтін сатқаннан бөлек,  оны емдік мақсатта да  қолданады. Айтуынша түйенің зәрі талай дертке таптырмас дәрі.  Сол себепті шаруа қожалығының жанынан емдеу сауықтыру орталығын да ашқан. Онда шипа іздеп келетіндер шілдеде күрт көбейетін көрінеді. «Түйенің зәрі- дәрі» деп атауды ұйғарған Өтеміс Маханов талай науқастың оңалып кеткенін айтады.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде