{metadescription}

Астарлы ақиқат

Астарлы ақиқат

Жүргізуші

Дина Төлепберген

Дина Төлепберген

Байланыс

+77272597811; +77272581373; +77787213310; +77017299318
Astarly_akikat@ktk-tv.kz
Астарлы ақиқат - Тастамашы, анашым! 2 маусым 77 эпизод

Астарлы ақиқат - Тастамашы, анашым! 2 маусым 77 эпизод

Дүйсенбі-бейсенбі - 20:00

Көрермен көзайымына арналған «Астарлы ақиқат» бағдарламасы енді ток-шоу форматында шығады. Қордаланған мәселе, күрмеуі қиын түйіткіл тың ток-шоудың назарынан тыс қалмайды. «Астарлы ақиқат» талай жылаған жанды жұбатып, қиналғанға көмек көрсетіп, сүрінгенге сүйеу болған. Бұқараның басындағы түйткіл өзгермепті. Тұқыртқан тұрмыс, алаяқтар қақпаны, отбасыдағы шытынаған қарым-қатынас. Сабыры сарқылып, төзімі таусылғандардың жанайқайы тіптен бағдарламада жанжалға ұласып жатыр. Белгілі тележүргізуші Дина Төлепберген енді бір студияда кейіпкерлермен ақиқаттың астарын ақтарып, түйіткілдің күрмеуін бірге шешуге тырысады.

Бұл мәселеде:

Туған анасы балаларынан бас тартып отыр! Ішкілікке салынған Қапиза Шумаева тоғыз ай құрсағында көтерген перзенттерін өз қолымен өзгеге тапсырмақшы! Ащы судың арбауына түскен Қапиза Шумаеваға балалары масыл болғандай. Сондықтан ол ұл-қыздарын мемлекеттің қарауында қалдырғысы келеді.  Алайда туған анасына  керек болмаған бүлдіршіндерді   балалар үйі де қабылдамай қойған.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде