{metadescription}

Астарлы ақиқат

Астарлы ақиқат

Жүргізуші

Дина Төлепберген

Дина Төлепберген

Байланыс

+77272597811; +77272581373; +77787213310; +77017299318
Astarly_akikat@ktk-tv.kz
Астарлы ақиқат - Ағаштан қорқамын 2 маусым 83 эпизод

Астарлы ақиқат - Ағаштан қорқамын 2 маусым 83 эпизод

Дүйсенбі-бейсенбі - 20:00

Көрермен көзайымына арналған «Астарлы ақиқат» бағдарламасы енді ток-шоу форматында шығады. Қордаланған мәселе, күрмеуі қиын түйіткіл тың ток-шоудың назарынан тыс қалмайды. «Астарлы ақиқат» талай жылаған жанды жұбатып, қиналғанға көмек көрсетіп, сүрінгенге сүйеу болған. Бұқараның басындағы түйткіл өзгермепті. Тұқыртқан тұрмыс, алаяқтар қақпаны, отбасыдағы шытынаған қарым-қатынас. Сабыры сарқылып, төзімі таусылғандардың жанайқайы тіптен бағдарламада жанжалға ұласып жатыр. Белгілі тележүргізуші Дина Төлепберген енді бір студияда кейіпкерлермен ақиқаттың астарын ақтарып, түйіткілдің күрмеуін бірге шешуге тырысады.

Бұл мәселеде:

Қайғылы оқиға 2018 жылдың 26-шы маусымында Алматы қаласы, Құлжа тас жолының бойында болды. Талдықорғаннан Алматыға қарай бағыт алған Ниссан Примераның үстіне кенет жол шетіндегі діңгегі босаған биік ағаш құлады. Сол мезетте көліктің тізгінінде Жұмағұл Сарыбеков, салонында Бағдаулет Рысдәулет отырып еді. Екеуі де тіл тартпай кетті. Екі отбасы асыраушысынан айырылды.

Гүлбаршын Сарыбекова бұл өлімге жауапты адамдардың өз ісіне салғырттығы себеп болды дейді.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.