{metadescription}

Астарлы ақиқат

Астарлы ақиқат

Жүргізуші

Дина Төлепберген

Дина Төлепберген

Байланыс

+77272597811; +77272581373; +77787213310; +77017299318
Astarly_akikat@ktk-tv.kz
Астарлы ақиқат - Әкемнен аулақ: көрермен көмегі 2 маусым 92 эпизод

Астарлы ақиқат - Әкемнен аулақ: көрермен көмегі 2 маусым 92 эпизод

Дүйсенбі-бейсенбі - 20:00

Көрермен көзайымына арналған «Астарлы ақиқат» бағдарламасы енді ток-шоу форматында шығады. Қордаланған мәселе, күрмеуі қиын түйіткіл тың ток-шоудың назарынан тыс қалмайды. «Астарлы ақиқат» талай жылаған жанды жұбатып, қиналғанға көмек көрсетіп, сүрінгенге сүйеу болған. Бұқараның басындағы түйткіл өзгермепті. Тұқыртқан тұрмыс, алаяқтар қақпаны, отбасыдағы шытынаған қарым-қатынас. Сабыры сарқылып, төзімі таусылғандардың жанайқайы тіптен бағдарламада жанжалға ұласып жатыр. Белгілі тележүргізуші Дина Төлепберген енді бір студияда кейіпкерлермен ақиқаттың астарын ақтарып, түйіткілдің күрмеуін бірге шешуге тырысады.

Бұл мәселеде:

Қаршадай қыздар «Астарлы ақиқаттан» бағдарламаның алдынғы санында көмек сұраған еді. Аналарынан айырылып, әкелері тірі жетім еткен қыздарға көмек көрсетемін дегендердің саны шексіз. Осыған орай, «Астарлы ақиқат» халықтың көмегі мен қыздардың қазіргі жағдайын таныстыру мақсатында бағдарламаның екінші бөлімін түсірді. Студияда қыздарға біршама көмек көрсетіліп, үй мәселесі қолға алынды.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде