{metadescription}

Астарлы ақиқат

Астарлы ақиқат

Жүргізуші

Дина Төлепберген

Дина Төлепберген

Байланыс

+77272597811; +77272581373; +77787213310; +77017299318
Astarly_akikat@ktk-tv.kz
Астарлы ақиқат - Мә, шапалақ! 2 маусым 117 эпизод

Астарлы ақиқат - Мә, шапалақ! 2 маусым 117 эпизод

18.11.2019

Дүйсенбі-бейсенбі - 20:00

Көрермен көзайымына арналған «Астарлы ақиқат» бағдарламасы енді ток-шоу форматында шығады. Қордаланған мәселе, күрмеуі қиын түйіткіл тың ток-шоудың назарынан тыс қалмайды. «Астарлы ақиқат» талай жылаған жанды жұбатып, қиналғанға көмек көрсетіп, сүрінгенге сүйеу болған. Бұқараның басындағы түйткіл өзгермепті. Тұқыртқан тұрмыс, алаяқтар қақпаны, отбасыдағы шытынаған қарым-қатынас. Сабыры сарқылып, төзімі таусылғандардың жанайқайы тіптен бағдарламада жанжалға ұласып жатыр. Белгілі тележүргізуші Дина Төлепберген енді бір студияда кейіпкерлермен ақиқаттың астарын ақтарып, түйіткілдің күрмеуін бірге шешуге тырысады.

Бұл мәселеде:

Ю-тюб  желісінде бір-бірін шапалақтайтын жігіттердің видеосы көпшіліктің назарына ұсынылып һәм наразылығына ұшыраған. Жұдырығы балғадай, тепсе темір үзетін  бір топ жігіттер ойын ережесі бойынша бір-біріне шапалақ жұмсауы тиіс. Шапалаққа шыдамдысы ғана төрт кезеңнен тұратын бәйгенің жеңімпазы атанады. Қызарған беті мен темірдей төзімі үшін жеңімпазға жүлде беріледі. Әлеуметтік желі қолданушыларының бір тобы бұл ойын түрін қызыққа балап жатса, екіншілері еріккеннің ермегі дейді.
 

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.