{metadescription}

Астарлы ақиқат

Астарлы ақиқат

Жүргізуші

Дина Төлепберген

Дина Төлепберген

Байланыс

+77272597811; +77272581373; +77787213310; +77017299318
Astarly_akikat@ktk-tv.kz
Астарлы ақиқат - Дуаланған келін 2 маусым 125 эпизод

Астарлы ақиқат - Дуаланған келін 2 маусым 125 эпизод

04.12.2019

Дүйсенбі-бейсенбі - 20:00

Көрермен көзайымына арналған «Астарлы ақиқат» бағдарламасы енді ток-шоу форматында шығады. Қордаланған мәселе, күрмеуі қиын түйіткіл тың ток-шоудың назарынан тыс қалмайды. «Астарлы ақиқат» талай жылаған жанды жұбатып, қиналғанға көмек көрсетіп, сүрінгенге сүйеу болған. Бұқараның басындағы түйткіл өзгермепті. Тұқыртқан тұрмыс, алаяқтар қақпаны, отбасыдағы шытынаған қарым-қатынас. Сабыры сарқылып, төзімі таусылғандардың жанайқайы тіптен бағдарламада жанжалға ұласып жатыр. Белгілі тележүргізуші Дина Төлепберген енді бір студияда кейіпкерлермен ақиқаттың астарын ақтарып, түйіткілдің күрмеуін бірге шешуге тырысады.

Бұл мәселеде:

Жарқын Бипенова бойындағы агрессияның пайда болуын тылсым күштердің әсерінен деп түсіндіреді. Өйткені келіншектің бөлмесінен іш киімі жоғала бастаған. Және күйеуі екеуінің арасындағы ұрыс-керіс жиілей түсті. Ақыр соңында екеуі ажырасып тынды. Оның екі баласы қазір әкесінде. Жарқын оларды қайтарғысы келеді.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

24 қаңтар

Қазір эфирде