{metadescription}

Астарлы ақиқат

Астарлы ақиқат

Жүргізуші

Дина Төлепберген

Дина Төлепберген

Байланыс

+77272597811; +77272581373; +77787213310; +77017299318
Astarly_akikat@ktk-tv.kz
Астарлы ақиқат - Біз де хит болғанбыз-4 2 маусым 138 эпизод

Астарлы ақиқат - Біз де хит болғанбыз-4 2 маусым 138 эпизод

13.01.2020

Дүйсенбі-бейсенбі - 20:00

Көрермен көзайымына арналған «Астарлы ақиқат» бағдарламасы енді ток-шоу форматында шығады. Қордаланған мәселе, күрмеуі қиын түйіткіл тың ток-шоудың назарынан тыс қалмайды. «Астарлы ақиқат» талай жылаған жанды жұбатып, қиналғанға көмек көрсетіп, сүрінгенге сүйеу болған. Бұқараның басындағы түйткіл өзгермепті. Тұқыртқан тұрмыс, алаяқтар қақпаны, отбасыдағы шытынаған қарым-қатынас. Сабыры сарқылып, төзімі таусылғандардың жанайқайы тіптен бағдарламада жанжалға ұласып жатыр. Белгілі тележүргізуші Дина Төлепберген енді бір студияда кейіпкерлермен ақиқаттың астарын ақтарып, түйіткілдің күрмеуін бірге шешуге тырысады.

Бұл мәселеде:

Саздың сиқыры  құлазыған көңілді жақсылыққа арбайды. Есті хәм ескі ән мен әншілерді қайта жаңғыртқан «Біз де хит болғанбыз» тақырыбы  өз жалғасын тауып отыр. Сағынған сіз, сағындырған - ән мен әнші. «Біз де хит болғанбыз»  атты бағдарламамызға қатысқан бүгінгі әншілердің жаңа шығармашылық белестерінің куәсі болатынымызға сенеміз. Өйткені саз сарқылмайды,  жақсы ән  ешқашан ескірмейді, есті әнші елдің есінен шықпайды!

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде