{metadescription}

Астарлы ақиқат

Астарлы ақиқат

Жүргізуші

Дина Төлепберген

Дина Төлепберген

Байланыс

+77272597811; +77272581373; +77787213310; +77017299318
Astarly_akikat@ktk-tv.kz
Астарлы ақиқат - Аналары ауысты 2 маусым 152 эпизод

Астарлы ақиқат - Аналары ауысты 2 маусым 152 эпизод

13.02.2020

Дүйсенбі-бейсенбі - 20:00

Көрермен көзайымына арналған «Астарлы ақиқат» бағдарламасы енді ток-шоу форматында шығады. Қордаланған мәселе, күрмеуі қиын түйіткіл тың ток-шоудың назарынан тыс қалмайды. «Астарлы ақиқат» талай жылаған жанды жұбатып, қиналғанға көмек көрсетіп, сүрінгенге сүйеу болған. Бұқараның басындағы түйткіл өзгермепті. Тұқыртқан тұрмыс, алаяқтар қақпаны, отбасыдағы шытынаған қарым-қатынас. Сабыры сарқылып, төзімі таусылғандардың жанайқайы тіптен бағдарламада жанжалға ұласып жатыр. Белгілі тележүргізуші Дина Төлепберген енді бір студияда кейіпкерлермен ақиқаттың астарын ақтарып, түйіткілдің күрмеуін бірге шешуге тырысады.

Бұл мәселеде:

Күйеуін сабасына түсірмек болып, өзі сұмдыққа тап болды!  Өйткені   Наргиздің  үйіне келген полицейлер басбұзар байын емес, бесікте былдырлап жатқан бөбегін алып кетіпті. Содан бері ол қызын бір көруге зар. Наргиз Өзбекстаннан Қазақстанға осыдан он алты жыл бұрын көшіп келген. Алайда  құжаттары жоқ.  Осының кесірінен өзі туған қызын өзгенің атына жазып жіберіпті. Енді перзентханада берілген құжатта кішкентайдың анасы ол емес.  Әлгінде полицейлер үйіне келіп, құжаттарды тексергенде,  осы жайтты байқап қалған. Сөйтіп, баланы өздерімен алып кеткен екен.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Қазір эфирде