{metadescription}

Астарлы ақиқат

Астарлы ақиқат

Жүргізуші

Дина Төлепберген

Дина Төлепберген

Байланыс

+77272597811; +77272581373; +77787213310; +77017299318
Astarly_akikat@ktk-tv.kz
Астарлы ақиқат - Кәмшат бере ме? 2 маусым 178 эпизод

Астарлы ақиқат - Кәмшат бере ме? 2 маусым 178 эпизод

22.04.2020

Дүйсенбі-бейсенбі - 20:00

Көрермен көзайымына арналған «Астарлы ақиқат» бағдарламасы енді ток-шоу форматында шығады. Қордаланған мәселе, күрмеуі қиын түйіткіл тың ток-шоудың назарынан тыс қалмайды. «Астарлы ақиқат» талай жылаған жанды жұбатып, қиналғанға көмек көрсетіп, сүрінгенге сүйеу болған. Бұқараның басындағы түйткіл өзгермепті. Тұқыртқан тұрмыс, алаяқтар қақпаны, отбасыдағы шытынаған қарым-қатынас. Сабыры сарқылып, төзімі таусылғандардың жанайқайы тіптен бағдарламада жанжалға ұласып жатыр. Белгілі тележүргізуші Дина Төлепберген енді бір студияда кейіпкерлермен ақиқаттың астарын ақтарып, түйіткілдің күрмеуін бірге шешуге тырысады.

Бұл мәселеде:

Карантинде жатқан жұлдыздар сахнадан һәм тойдан уақытша айырылған соң, құр  жатпай, жаппай гиф ойнатуға көшті. Бұған дейін танымал тұлғалардың лотосына алданып,  аузы күйсе де, халық үрлеп ішетін емес.  «Тегін теңге табасыз!»  дегенге құлай сеніп, азартқа кіріп кеткендей.  Тіпті  инстаграмда 99 аккаунтқа, ғафу етіңіз, 150 аккаунтқа жазылу керек деген шарт  ешкімді шошытпайды. Бірақ оңай жерде нан бар ма?

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Қазір эфирде