{metadescription}

Астарлы ақиқат

Астарлы ақиқат

Жүргізуші

Дина Төлепберген

Дина Төлепберген

Байланыс

+77272583636; +77010583636
Astarly_akikat@ktk-tv.kz
Астарлы ақиқат - Ернар Айдар тергеуде 2 маусым 180 эпизод

Астарлы ақиқат - Ернар Айдар тергеуде 2 маусым 180 эпизод

27.04.2020

Дүйсенбі-бейсенбі - 20:00

Көрермен көзайымына арналған «Астарлы ақиқат» бағдарламасы енді ток-шоу форматында шығады. Қордаланған мәселе, күрмеуі қиын түйіткіл тың ток-шоудың назарынан тыс қалмайды. «Астарлы ақиқат» талай жылаған жанды жұбатып, қиналғанға көмек көрсетіп, сүрінгенге сүйеу болған. Бұқараның басындағы түйткіл өзгермепті. Тұқыртқан тұрмыс, алаяқтар қақпаны, отбасыдағы шытынаған қарым-қатынас. Сабыры сарқылып, төзімі таусылғандардың жанайқайы тіптен бағдарламада жанжалға ұласып жатыр. Белгілі тележүргізуші Дина Төлепберген енді бір студияда кейіпкерлермен ақиқаттың астарын ақтарып, түйіткілдің күрмеуін бірге шешуге тырысады.

Бұл мәселеде:

23 сәуір күні Ернар Айдар күллі Қазақстанды шулатты. Конкурс ұйымдастырып, 4 қымбат көлік пен пәтер ойнатып жатқан жұлдыздың коттеджіне тікелей эфир барысында полиция баса көктеп кіріп, қолына кісен салды. Әншінің ұсталған сәтіндегі видеосы қазнэтте қызу талқыланып жатыр. Бұл жағдайды біз де айналып өте алмадық. Журналисттік зерттеу жүргізіп, бірқатар тың ақпараттарды таптық. Мәселен, Ернар Айдардың конкурсына арналған ресми парақша бұзылды деген сылтаумен төрт рет жаңартылады. Ал, жарнамалық роликтері бес рет түсіріледі. Видеоға назар салып қарасаңыз қымбат машиналардың әртүрлі екенін аңғарасыз. Біздің редакторлар ұтысқа тігілген «Лэнд Крузердің» бірін іздеп тауып, оның жалға алынғанын анықтады. Басты сыйлық- Алматыдағы зәулім пәтердің де екі рет өзгергенін білдік. Ұстау операциясын экономикалық қылмыстарды тергеу департаменті жүргізгенін ескерсек, карантин режимін бұзу - былықтың бергі жағы ма?

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Қазір эфирде