{metadescription}

Астарлы ақиқат

Астарлы ақиқат

Жүргізуші

Дина Төлепберген

Дина Төлепберген

Байланыс

+77272583636; +77010583636
Astarly_akikat@ktk-tv.kz
Астарлы ақиқат - Байқалмаған Бойжеткен  3 маусым 40 эпизод

Астарлы ақиқат - Байқалмаған Бойжеткен 3 маусым 40 эпизод

24.11.2020

Дүйсенбі-бейсенбі - 20:00

Көрермен көзайымына арналған «Астарлы ақиқат» бағдарламасы енді ток-шоу форматында шығады. Қордаланған мәселе, күрмеуі қиын түйіткіл тың ток-шоудың назарынан тыс қалмайды. «Астарлы ақиқат» талай жылаған жанды жұбатып, қиналғанға көмек көрсетіп, сүрінгенге сүйеу болған. Бұқараның басындағы түйткіл өзгермепті. Тұқыртқан тұрмыс, алаяқтар қақпаны, отбасыдағы шытынаған қарым-қатынас. Сабыры сарқылып, төзімі таусылғандардың жанайқайы тіптен бағдарламада жанжалға ұласып жатыр. Белгілі тележүргізуші Дина Төлепберген енді бір студияда кейіпкерлермен ақиқаттың астарын ақтарып, түйіткілдің күрмеуін бірге шешуге тырысады.

Бұл мәселеде:

Кім екенімді білмеймін! Редакциямызға Жамбыл облысынан Дамира есімді бойжеткен хабарласты. Айтуынша, қайда- қашан туылғаны, әкесі мен анасының кім екені оған белгісіз. «Жасым шамамен он тоғызда болуы мүмкін» дейді. Бірақ, бұл да нақты ақпарат емес. Ешқандай мемлекеттік мекемеде ол туралы мәлімет тіркелмеген.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Қазір эфирде