{metadescription}

Астарлы ақиқат

Астарлы ақиқат

Жүргізуші

Дина Төлепберген

Дина Төлепберген

Байланыс

+77272583636; +77010583636
Astarly_akikat@ktk-tv.kz
Астарлы ақиқат - 15 жасымда тудым-3 3 маусым 48 эпизод

Астарлы ақиқат - 15 жасымда тудым-3 3 маусым 48 эпизод

09.12.2020

Дүйсенбі-бейсенбі - 20:00

Көрермен көзайымына арналған «Астарлы ақиқат» бағдарламасы енді ток-шоу форматында шығады. Қордаланған мәселе, күрмеуі қиын түйіткіл тың ток-шоудың назарынан тыс қалмайды. «Астарлы ақиқат» талай жылаған жанды жұбатып, қиналғанға көмек көрсетіп, сүрінгенге сүйеу болған. Бұқараның басындағы түйткіл өзгермепті. Тұқыртқан тұрмыс, алаяқтар қақпаны, отбасыдағы шытынаған қарым-қатынас. Сабыры сарқылып, төзімі таусылғандардың жанайқайы тіптен бағдарламада жанжалға ұласып жатыр. Белгілі тележүргізуші Дина Төлепберген енді бір студияда кейіпкерлермен ақиқаттың астарын ақтарып, түйіткілдің күрмеуін бірге шешуге тырысады.

Бұл мәселеде:

Түркістандық 15 жастағы оқушы-ананың шым-шытырманға толы тағдыры бәрін де алаңдап отыр. Соңғы екі хабарымызды қатарынан біз оған арнаған болатынбыз.  Небәрі 7-ші сыныпта оқып жүрген Назакат Раметованың айтуынша, ол  өзінен он жас үлкен жігітпен жыныстық қатынаста болып, 15 жасында ана атанды.  Алайда әкесі өз ұлын мойындамай жүр. Біз журналистік зерттеу жүргізіп, бойжетпеген қызды баурап алған серілердің бір емес, көп екенін анықтадық.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Қазір эфирде