{metadescription}

Астарлы ақиқат

Астарлы ақиқат

Жүргізуші

Дина Төлепберген

Дина Төлепберген

Байланыс

+77272583636; +77010583636
Astarly_akikat@ktk-tv.kz
Астарлы ақиқат - Таныссыз танылғандар-11 3 маусым 103 эпизод

Астарлы ақиқат - Таныссыз танылғандар-11 3 маусым 103 эпизод

08.04.2021

Дүйсенбі-бейсенбі - 20:00

Көрермен көзайымына арналған «Астарлы ақиқат» бағдарламасы енді ток-шоу форматында шығады. Қордаланған мәселе, күрмеуі қиын түйіткіл тың ток-шоудың назарынан тыс қалмайды. «Астарлы ақиқат» талай жылаған жанды жұбатып, қиналғанға көмек көрсетіп, сүрінгенге сүйеу болған. Бұқараның басындағы түйткіл өзгермепті. Тұқыртқан тұрмыс, алаяқтар қақпаны, отбасыдағы шытынаған қарым-қатынас. Сабыры сарқылып, төзімі таусылғандардың жанайқайы тіптен бағдарламада жанжалға ұласып жатыр. Белгілі тележүргізуші Дина Төлепберген енді бір студияда кейіпкерлермен ақиқаттың астарын ақтарып, түйіткілдің күрмеуін бірге шешуге тырысады.

Бұл мәселеде:

 

Бұл кәдуілгі эфир емес, құтты дәстүр! Талантымен талайдың таңдайын қақтырып, таныссыз-ақ танылып жүргендер еліміздің түкпір-түкпірінен «Астарлы ақиқатта» бас қосады! Ендеше «Таныссыз танылғандардың» кезекті 11 шығарылымын бастайық! Бүгін біз бен сіз ауылдың тыныс-тіршілігін трендке айналдырған тик-токер Авди Сенпаймен, тракторды тізгіндеген болашақ тіс дәрігерімен., заманауи әндерді домбыраға сүйемелдеп жүрген арумен танысатын боламыз

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.