{metadescription}

Әйел қырық шырақты

Әйел қырық шырақты
Әйел қырық шырақты - 2 маусым 9 эпизод

Әйел қырық шырақты - 2 маусым 9 эпизод

Өмірде орын алған шынайы оқиғаларды өңдеп түсірген деректі драма. Отбасының жасырып келген құпиясы, ерлі-зайыптылардың бір-біріне жасаған опасыздығы, көзіне шөп салу, отбасындағы келіспеушіліктер, түсінбестіктер, бала тәрбиесіндегі қателік, кикілжің, жанжал... Бұл –  өмірдің өзі «сыйлаған» хикаялар.

Бұл мәселеде:

Жақын құрбысының сатқындығынан ауыр соққы алған Ботагөз Садықова үйіне жол бойы жылап келеді. Біраздан бері күйеуін опасыздық жасап жүр-ау деп күдіктенгенімен, жақын құрбысы оның көңілдесіне айналады деген ой үш ұйықтаса түсіне кірмеген еді. Мұнан өткен сорақылық жоқ деп ойлаған келіншек үшін бұл бар сұмдықтың басы ғана еді. Көз жасын сүрткен Ботагөз көшедегі орындықтардың біріне отыра кетеді. Оның қасына бір балгер әйел келіп, өзін Ханзадамын деп таныстырып, кейіпкер келіншекті бірден өзіне қаратып алады. Ханзада Ботагөзге алда өзін жарқын болашақ күтіп тұрғанын, жақын арада маңдайына жазылған адамын кездестіретінін, сөйтіп, ауқатты әйелге айналатынын болжап береді. Балгер әйелдің айтқандары айдай келеді. Ботагөз шын мәнінде бір жігітті кездестіріп, онымен болашаққа бірге қадам жасағысы келеді, артынша әкесінен өзіне мұраға гүл дүкені бұйырғанын естиді. Сөйтіп, оның өмірі бір қалыпқа түсе бастағандай болады, алайда мұның бәрі бос қиял еді. Ботагөздың жаңа танысқан жігіті алаяқ боп шығады. Сөйтсе, ол Ботагөзге үйленіп, бизнесін иемденіп алмақ боп жүр екен. Балгердің де  алаяқ екенін білген Ботагөздің қиял әлемі әп сәтте күлге айналады. Оған мұндай қиын жағдайдан шығуға әкесінің бизнестегі серіктесі Талғат көмектеседі.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде