Әйел қырық шырақты
Әйел қырық шырақты - 2 маусым 15 эпизод
04.04.2019
Өмірде орын алған шынайы оқиғаларды өңдеп түсірген деректі драма. Отбасының жасырып келген құпиясы, ерлі-зайыптылардың бір-біріне жасаған опасыздығы, көзіне шөп салу, отбасындағы келіспеушіліктер, түсінбестіктер, бала тәрбиесіндегі қателік, кикілжің, жанжал... Бұл – өмірдің өзі «сыйлаған» хикаялар.
Бұл мәселеде:
Айша Омарға тұрмысқа шыққан кезде оның кішкентай қызы бар еді. Үш жылдан кейін Айша дүниеге ұл бала әкеледі. Отбасы тату-тәтті өмір сүріп жүреді. Тек мазасыз енесі ғана бұлардың отбасына жиі араласа береді. Арада он жыл өткен соң шетелден Омардың бұрынғы әйелі, Дәмелінің туған анасы қайтып келеді. Айшаның қайыненесі 10 жасар қызға туған анасының кім екенін, оның елге қайтып оралғанын, өзімен танысқысы келетінін айтып береді. Осыдан соң бұл отбасынан береке қашады, өйткені Дәмелі өзін анасы тастап кеткеніне ренжиді. Айшаның қайыненесі ұлының отбасындағы ұрыс-керістің себепкері болады, алайда кейін өз қатесін түсініп, бұл отбасының бақытты болуы үшін бар күшін салады.
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
2 маусым 28 эпизод
Маржан есімді он тоғыз жасар бойжеткен мінезі шатақ болғандықтан үнемі келеңсіз жағдайларға тап болып жүреді. ...
2 маусым 27 эпизод
Шолпан іссапардан оралған кезде оның пәтерінде бөтен адамдар тұрып жатады, ал бес жыл бойы көрші ...
2 маусым 26 эпизод
30 жастағы Балнұр – ұлын жалғыз өзі өсіріп отырған ана, ол жөні түзу жігітті кездестіріп, ...
2 маусым 25 эпизод
32 жастағы Аружан Әлібекпен көптен бері кездесіп жүргендіктен әне-міне дегенше той боп қалар деп дәмеленеді, ...
2 маусым 24 эпизод
37 жастағы Гүлнара – күйеуімен ажырасқаннан кейін жасөспірім ұлын жалғыз өсіріп отырған ана. Ол айрандай ...
2 маусым 23 эпизод
Сәлима Бекболат күйеуі Алдиярмен бірге бақытты өмір кешіп жүреді. Күндегі әдетінше жұмысқа бармақ болған келіншек ...
2 маусым 22 эпизод
Сымбат Жұманованың жүкті болғанына жеті ай болып еді. Ол көптен күткен сәбиін қолына алатын күнді ...
2 маусым 21 эпизод
Әйгерім күйеуін опасыздық жасап жүр ме деп күдіктене бастайды. Оның бойын қызғаныш кернеп, тіпті күйеуінің ...
2 маусым 20 эпизод
Айзада – екі бала бағып үйде отырған келіншек, ол өмір бойы ештеңеден таршылық көрмегендіктен, уайым-қайғысыз ...