{metadescription}

Әйел қырық шырақты

Әйел қырық шырақты
Әйел қырық шырақты - 2 маусым 22 эпизод

Әйел қырық шырақты - 2 маусым 22 эпизод

Өмірде орын алған шынайы оқиғаларды өңдеп түсірген деректі драма. Отбасының жасырып келген құпиясы, ерлі-зайыптылардың бір-біріне жасаған опасыздығы, көзіне шөп салу, отбасындағы келіспеушіліктер, түсінбестіктер, бала тәрбиесіндегі қателік, кикілжің, жанжал... Бұл –  өмірдің өзі «сыйлаған» хикаялар.

Бұл мәселеде:

Сымбат Жұманованың жүкті болғанына жеті ай болып еді. Ол көптен күткен сәбиін қолына алатын күнді асыға күтіп, қуанып жүреді. Алайда өзімен бір палатада жатқан жап-жас қыздың өзінің күйеуі Дәулеттен аяғы ауыр екенін біліп, қуанышы су сепкендей басылады. Перзентханадан аман-есен босанып шыққан Сымбатты үйіне келген кезде жағымсыз тосын сый күтіп тұр еді. Бір күні кешкісін күйеуінің көңілдесі Сәбира құндақтаулы баласын қолына алып, Сымбатқа келеді. Ол Дәулетті жоғалып кетті, таба алмай жүрмін деп өтірік айтып, Сымбатты  әбден шатастырады. Таңертеңгісін кейіпкер келіншек күйеуінің көңілдесінің хат жазып қалдырып, баласын тастап кеткенін көреді. Сәбира ол хатқа өзінің әлі ақылы кірмеген жас екенін, бала туып қателік жасағанын тәптіштеп жазып кетіпті. Сөйтіп, Сымбат бұрынғы күйеуінің бір емес, екі баласының анасы атанады. Мұнан бөлек, қиналып жүрген кезінде қасынан табылған досы Бекетпен көңілі жарасып, екеуі бір-бірін шын сүйіп қалады. 

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

16 тамыз

Қазір эфирде