{metadescription}

Әйел қырық шырақты

Әйел қырық шырақты
Әйел қырық шырақты - 2 маусым 23 эпизод

Әйел қырық шырақты - 2 маусым 23 эпизод

Өмірде орын алған шынайы оқиғаларды өңдеп түсірген деректі драма. Отбасының жасырып келген құпиясы, ерлі-зайыптылардың бір-біріне жасаған опасыздығы, көзіне шөп салу, отбасындағы келіспеушіліктер, түсінбестіктер, бала тәрбиесіндегі қателік, кикілжің, жанжал... Бұл –  өмірдің өзі «сыйлаған» хикаялар.

Бұл мәселеде:

Сәлима Бекболат күйеуі Алдиярмен бірге бақытты өмір кешіп жүреді. Күндегі әдетінше жұмысқа бармақ болған келіншек жолда келе жатып, көлігінің тежегіші істен шыққанын байқайды. Ол ағашқа барып соғылып, сәл болмағанда бір жаяу жүргіншіні қағып кете жаздайды. Оқиға орнына жол полициясының инспекторы келіп, бұл оқиғаны тергеуге кіріседі. Сараптама нәтижесі апаттың әдейі ұйымдастырылғанын көрсетеді. Сәлима күйеуін өзіне опасыздық жасап жүрген шығар, сол себепті осындай арам тәсілмен өзінен құтылғысы келген шығар деп  ойлап, күйеуінен күдіктенеді. Келіншек тағы біраз жазатайым оқиғаға тап болады. Ақыры ол бұл оқиғаларға кінәлі адамды іздеп табады. Сөйтсе, мұның бәрін ұйымдастырып жүрген сіңлісінің күйеуі боп шығады. Ар-ұяттан безген Ерден Сәлимаға сенің туған сіңлің обыр ауруына шалдықты деп өтірік айтуға дейін барады. Сөйтсе, арам ниетті күйеу баласы өз қайынәпкесінен қомақты ақша алудың амалын жасап жүр екен. Оның құмар ойындар ойнап, бандиттерге ақша қарыз боп қалғандықтан осылай еткені анықталады.


Салима Бекболат, счастливо живет в браке с Алдияром уже несколько лет. В привычный будний день, когда женщина ехала на работу, у нее отказали в машине тормоза, она въехала в дерево и чуть не сбила пешехода. На место аварии подъехал инспектор дорожной полиции, который зафиксировал случай. По результатам экспертизы, выяснилось, что кто-то подстроил аварию. Сымбат стала подозревать мужа, в измене и в том, что именно он, хочет избавиться от нее, таким коварным способом. После, череды несчастных случаев, женщина, наконец вычислила убийцу, им оказался ее зять, муж сестры. Подлый Ерден, даже не побоялся соврать о том, что его жена, т.е родная сестра Салимы, больна раком. Таким образом, он хотел выманить у Салимы крупную сумму денег, а все потому что он игрок и задолжал бандитам деньги.  

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

21 қыркүйек

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.