{metadescription}

Әйел қырық шырақты

Әйел қырық шырақты
Әйел қырық шырақты - 2 маусым 24 эпизод

Әйел қырық шырақты - 2 маусым 24 эпизод

Өмірде орын алған шынайы оқиғаларды өңдеп түсірген деректі драма. Отбасының жасырып келген құпиясы, ерлі-зайыптылардың бір-біріне жасаған опасыздығы, көзіне шөп салу, отбасындағы келіспеушіліктер, түсінбестіктер, бала тәрбиесіндегі қателік, кикілжің, жанжал... Бұл –  өмірдің өзі «сыйлаған» хикаялар.

Бұл мәселеде:

37 жастағы  Гүлнара – күйеуімен ажырасқаннан кейін жасөспірім ұлын жалғыз өсіріп отырған ана. Ол айрандай ұйыған шағын отбасының береке-бірлігіне қуанып жүрген кезде бір күні оған полициядан телефон соғып, ұлының біреудің көлігін айдап әкетіп, онымен бір адамды қағып өлтіргенін хабарлайды. Гүлнара ұлын түрмеден кепілге шығарып алу үшін жан-жақтан жанұшыра ақша іздейді. Баласы тап болған проблемаға, бірге тұрып жатқан жаңа күйеуіне алаңдаған Гүлнара не істерін білмей дал болады. Гүлнараның бірге тұрып жатқан жаңа күйеуі Тимур жатыпішер, арамтамақ әрі алаяқ еді. Келіншектің бұрынғы күйеуі, құқық қорғау орғандарында жұмыс істейтін Сәбит қана Тимурдың бар ісін әшкере қылып, бұрынғы келіншегінің басын пәледен арашалап қалуға көмектеседі.


37-летняя  Гульнара  после развода сама воспитывала сына-подростка. Женщина была уверена, что в ее маленькой семье все прекрасно, пока ей не позвонили из полиции и не сообщили о том, что ее сын угнал машину и сбил насмерть человека. Гульнаре срочно надо было найти деньги для залога, чтобы вытащить сына из тюрьмы. Разрываясь между проблемами с сыном и своим новым мужчиной, Гульнара совсем отчаялась. Тимур, бездельник и мошенник, благополучно сидел на шее у Гульнары. А вот бывший муж, Сабит, который работал в правоохранительных органах, пролил свет на все его деяния и разрешил все проблемы накопившиеся у его бывшей супруги.   

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.