{metadescription}

Әйел қырық шырақты

Әйел қырық шырақты
Әйел қырық шырақты - 2 маусым 27 эпизод

Әйел қырық шырақты - 2 маусым 27 эпизод

16.08.2019

Өмірде орын алған шынайы оқиғаларды өңдеп түсірген деректі драма. Отбасының жасырып келген құпиясы, ерлі-зайыптылардың бір-біріне жасаған опасыздығы, көзіне шөп салу, отбасындағы келіспеушіліктер, түсінбестіктер, бала тәрбиесіндегі қателік, кикілжің, жанжал... Бұл –  өмірдің өзі «сыйлаған» хикаялар.

Бұл мәселеде:

Шолпан іссапардан оралған кезде оның пәтерінде бөтен адамдар тұрып жатады, ал бес жыл бойы көрші тұрған әйел оны танымайтындай кейіп танытады. Күйеуінің телефоны үнемі өшірулі болады, сөйтсе ол екі апта бойы жұмысқа бармаған боп шығады. Шолпанның өмірінің тас-талқаны шығады. Оны өз пәтеріне кіргізбегенімен қоймай, күйеуі жоғалып кетеді. Оның сұрақтарына ешкім жауап бере алмайды. Шолпан бастық боп қызмет атқарған күйеуінің жұмысына барады, бірақ ол жерде де ешкім оған мардымды жауап бермейді. Осыдан соң не істерін білмеген келіншек өз бетімен тергеу жүргізбек болады.  Шолпан өз досының және тергеушілердің көмегімен бұл іске күйеуінің жақын досы Асқардың қатысы барын анықтайды. Ол Шолпанның күйеуіне, оның бизнесіне, сұлу келіншегіне үнемі қызғана қарап жүретін. Сөйтсе, Асқар Айбарды қамауда ұстап, алдағы уақытта оны өлтірмек болған екен. Бірақ Шолпан да дегенінен қайтпай, күйеуін іздеп табады. Осыдан соң олардың жағдайлары бұрынғы қалпына келе бастайды.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде