{metadescription}

Әйел қырық шырақты

Әйел қырық шырақты
Әйел қырық шырақты - Шырғалаң  2 маусым 30 эпизод

Әйел қырық шырақты - Шырғалаң 2 маусым 30 эпизод

17.01.2020

Өмірде орын алған шынайы оқиғаларды өңдеп түсірген деректі драма. Отбасының жасырып келген құпиясы, ерлі-зайыптылардың бір-біріне жасаған опасыздығы, көзіне шөп салу, отбасындағы келіспеушіліктер, түсінбестіктер, бала тәрбиесіндегі қателік, кикілжің, жанжал... Бұл –  өмірдің өзі «сыйлаған» хикаялар.

Бұл мәселеде:

29 жасар Шолпан қиялындағы жігітті кездестірсем деп армандап жүреді. Анасы қызына жасы келгенін айтып, тұрмысқа шық, сәби сүйетін уақытың келді деп Шолпанның құлағының етін жей бастайды. Бірде Шолпан бір жігітпен кездейсоқ танысады. Олардың қарым-қатынасы күннен күнге жақсара бастайды. Бірде бойжеткен Асан жайында неше түрлі жел сөз естиді. Яғни біреулерден Асанды екі үйде өмір сүріп жүр, оның әйелі мен бала-шағасы бар екен дегенді естіп, шошып кетеді. Шолпанның ол кезде Асаннан аяғы ауырлаған болатын. Арада бірталай түсінбестік орын алады, шақшадай басы шарадай болған Шолпан не істерін білмей жүргенде, мәселенің мән-жайы дер кезінде анықталады. Сөйтсе, Асанның Үсен есімді сыңары бар екен, Үсеннің отбасы, бала-шағасы бар болғандықтан, елдің бәрі оны Шолпанның жігітімен шатастырған екен. Осыдан соң Шолпан мен Асан үйленіп, сәбилерін қолдарына алғанша асығады.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.