{metadescription}

Әйел қырық шырақты

Әйел қырық шырақты
Әйел қырық шырақты - Тастанды 2 маусым 34 эпизод

Әйел қырық шырақты - Тастанды 2 маусым 34 эпизод

14.02.2020

Өмірде орын алған шынайы оқиғаларды өңдеп түсірген деректі драма. Отбасының жасырып келген құпиясы, ерлі-зайыптылардың бір-біріне жасаған опасыздығы, көзіне шөп салу, отбасындағы келіспеушіліктер, түсінбестіктер, бала тәрбиесіндегі қателік, кикілжің, жанжал... Бұл –  өмірдің өзі «сыйлаған» хикаялар.

Бұл мәселеде:

30 жасар Майраның Нұрәлімен жүріп жүргеніне бірнеше ай болды. Келешегі мол, күйеуге шығуға лайықты деп Майраның үміт артқан жігіті шын мәнінде мүлдем басқалай болып шықты. Екеуі бас қосып отырған романтикалық дастархан басында Майраға телефон қоңырауы келіп түседі. Оның анасының жүрек талмасы ұстап, ауруханаға әкеткен екен. Майра ойланбастан аурухана тұра жүгіреді. Ал оның жігіті түк болмағандай отыра береді. «Шаршап отырмын» деген жігіт, Майраны ауруханаға апармақ түгілі, тіпті шығарып салуға шамасы жетпеді. Майраның анасын аяғынан тік тұрғызу үшін дәрігерлер қомақты қаржы сұрайды. Не істерін білмей сасқалақтап, ақшасы жетпей тығырыққа тірелген Майра жігітінен ақша сұрайды, бірақ жігіті бір тиын бермейді. Майраның жалақысынан бөлек, оның жалға беретін пәтері болатын. Бірақ ол пәтерде тұрып жатқан жалдаушылар бірнеше ай ақшасын төлемей, қарыз болған. Онда тұрып жатқан еркек әйелінің кішкентай баласын күйеуімен қоса тастап кетіп қалғанын және жағдайының нашар екенін айтады. Жас отағасы жұмыс таба алмай, қиналып жүр екен. Майра ойланып-толғанып, пәтер жалдаушы еркекке көмек беруге бел буады. Ер адам жұмыс істеп, пәтердің ақшасын табуға жағдай жасап, оның баласымен үш күн үйде отыра тұруға Майра келіседі. Үш күн біреудің баласын қарап үйде отырған Майраның өмірге деген көзқарасы өзгеріп, көп дүниені терең түсінеді.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Қазір эфирде