{metadescription}

Дау-дамайсыз

Дау-дамайсыз

Жүргізуші

Жазира Бегалы

Жазира Бегалы

Байланыс

+77780031420
Dd@ktk-tv.kz
2 маусым 10 эпизод

2 маусым 10 эпизод

Заң қауқарсыз болып шықса не істеу қажет? Егер оны өзгерту мүмкін болмаса, түйткілді тарқатуға болады. Ол үшін өзгелерге жалтақтамай, өзің кіріс! Бастысы,  заң аясында әрекет етіп, дау-дамайсыз шешуге болады!

Бұл мәселеде:

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Ават ауылында үйлердің қабырғасы қақырап, жолының тас-талқаны шыққан. Жұрт енді тас, құм таситын жүк көліктері жүретін көшені бөгеп тастауға бекініп отыр. Өйткені ала жаздай шаңға тұншығып, төзімдері әбден таусылған. Ал экологтар Талғар өзенінен тас,құм қазған компаниялар қоршаған ортаға зиян келтірді деп дабыл қағуда. Туған үйі тозаққа айналған тұрғындар «Дау-дамайсыз» бағдарламасынан көмек сұрады.

Бағдарламаға қатысушылар: Жазира Бегалы, журналист; Юсуп Қамбаров, Ават ауылының тұрғыны; Амангелді Білісбеков, Ават аулының тұрғыны; Рамиль Незиров, Ават ауылының тұрғыны; Ялкун Тұрсынов, Ават ауылының тұрғыны; Әлиям Рузиева, Ават ауылының тұрғыны; Азаматхан Әміртай, «Байтақ-Болашақ» экоальянсының президенті; Нұрланболат Розыбакиев, Ават ауылының тұрғыны; Қайрат Нұрханов, эколог; Пулат Жүгінісов, Ават ауылдық амбулаториясының меңгерушісі; Динара Өскенбаева, Еңбекшіқазақ аудандық Кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы; Асқар Жолдығұтов, Алматы облыстық Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы; Бекзат Ақылбеков, Алматы облыстық Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылауы басқармасының бөлім басшысы; Марат Жүндібаев, Алматы облыстық Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылауы басқармасы мониторинг бөлімінің басшысы; Әлімғазы Темірбеков, Алматы облысы бойынша Көлік бақылау инспекциясының бас маманы; Болат Ысқақов, Еңбекшіқазақ ауданының Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы; Тимур Мадияров, Ават ауылдық округі әкімінің орынбасары; Ғалымұрат Жөкел, Алматы облысы әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі; Нұрмұхамед Мансуров, Ават ауылының тұрғыны; Даниш Махмудов, Ават ауылының тұрғыны.

 

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

08 желтоқсан

Қазір эфирде