{metadescription}

Дау-дамайсыз

Дау-дамайсыз

Ведущая

Гүлмира Абықай

Гүлмира Абықай

Байланыс

+77272583687
Dd@ktk-tv.kz
Дау-дамайсыз - 2 маусым 16 эпизод

Дау-дамайсыз - 2 маусым 16 эпизод

Заң қауқарсыз болып шықса не істеу қажет? Егер оны өзгерту мүмкін болмаса, түйткілді тарқатуға болады. Ол үшін өзгелерге жалтақтамай, өзің кіріс! Бастысы,  заң аясында әрекет етіп, дау-дамайсыз шешуге болады!

Бұл мәселеде:

Көбелек дертімен дүние есігін ашқан кішкентай Бекнұр. Ауру азабын тартқан бүлдіршіннің жайына жергілікті дәрігерлер неге жүрдім-бардым қараған? Жыл сайын мемлекет әр ауру балаға 10 млн теңге қаржы бөледі. Алайда, Бекнұр сияқты сәбилерге қажетті жақпа май, ем-дом сонда да жетер емес. Қыруар қаржының сұрауы енді кімнен? Бұл сауалдың шешімін журналист Гүлмира Әбіқай дау-дамайсыз тапты!

Бағдарламаға қатысушылар: Гүлмира Әбіқай, журналист; Света Балтабаева, Бекнұрдың анасы; Еркінай Тәжібаева, Бекнұрдың әжесі; Фарида Мырзабекова, фельдшер; Қарлығаш Ахметова, Қырбалтабай ауылдық дәрігерлік амбулаторияның меңгерушісі; Тахина Азабачиева, мейірбике; Мұратбай Ұсарбаев, Бекнұрдың әкесі; Дидар Айтжанов, Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары; Айша Манапова, Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасы бас дәрігерінің емхана-амбулаторлық көмек бойынша орынбасары; Темірхан Жарылғанов, дерматолог; Гүлғайша Иманбекова, Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы.

 

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде