{metadescription}

Дау-дамайсыз

Дау-дамайсыз

Ведущая

Гүлмира Абықай

Гүлмира Абықай

Байланыс

+77272583687
Dd@ktk-tv.kz
Дау-дамайсыз - 2 маусым 22 эпизод

Дау-дамайсыз - 2 маусым 22 эпизод

Заң қауқарсыз болып шықса не істеу қажет? Егер оны өзгерту мүмкін болмаса, түйткілді тарқатуға болады. Ол үшін өзгелерге жалтақтамай, өзің кіріс! Бастысы,  заң аясында әрекет етіп, дау-дамайсыз шешуге болады!

Бұл мәселеде:

Түркістан шаһарының тұрғыны Мөлдір Байболатова «әпкемді біреулер заңсыз ұстап отыр, құтқарыңызшы» деп көмек сұрайды. Мөлдір Ақтолқынның  жалғыз әпкесі. Бірақ оның қай шаруа қожалығындағы мал бағып жүргенін ,мекен-жәйі белгісіз. Әкесі қайтыс болғаннан кейін анасы күйеуге шығып, апалы-сіңлілінің өмірі күрт өзгереді. Жас келіншектің айтуынша  әпкесінің өз үйіне оралуына өгей әкесі, туысқандары қарсы. Мұның себебі, 17 жасында Ақтолқын жүкті болып қалады. Мектепті аяқтамаған. Аяғын шалыс басқан бойжеткеннен туысқандары теріс айналыпты.  Содан бері баратын жері қалмаған Ақтолқын мал бағып ,  шаруа қожалығына жұмысқа жегілген. Жалақы алмағанын және ол жерден  талай қашқанын айтады. Шаруа қожалығының оның бостандығын шектеп,заңсыз ұстап отырғаны рас па? «Дау-дамайсыз» бағдарламасының журналисі Жазира Бегалы анықтауға тырысты.

Бағдарламаға қатысушылар: Жазира Бегалы, журналист; Мөлдір Байболатова, Түркістан қаласының тұрғыны; Иман Қасым, Түркістан қаласының тұрғыны; Нұржан Абдуллин; Жамбыл аудандық полиция бөлімінің  аға инспекторы; Дулат Бұзауқұлов, малшы; Ақтолқын Рүстемова, Нұрлыкент ауылының тұрғыны; Асхат Әбдіқұлов, Нұрлыкент ауылдық округінің участкелік полиция инспекторы; Зәмзагүл Рүстемова, Нұрлыкент ауылының тұрғыны; Дүйсен Сутамқұлов, Нұрлыкент ауылының тұрғыны.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Кеше

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.