Жаңалықтар
Портрет недели
Артур Платонов
Байланыс
News@ktk-tv.kz
Жаңалықтар - Covid-19: Қазақстанда қазіргі жағдай...
21.07.2020
Дүйсенбі-жұма, 19:30
Қайталауы: сейсенбі - жұма, 07:05
Соңғы жаңалықтар, оқиғалар, әлеуметтік өзгерістер, төтенше жағдайлар және аймақ пен әлем тынысы!
"Жаңалықтар" ақпараттық бағдарламасының тілшілері әлемде және елімізде болып жатқан жаңалықтарды аптасына бес рет ұсынады. Саясат, өзекті әлеуметтік мәселелер, мәдениет және әлемде болып жатқан басты жаңалықтарды КТК арнасының тілшілері көрермендерге дер кезінде еш боямасыз қаз-қалпында жеткізіп, қоғамда орын алған төтенше жағдайларды дәл сол оқиға болған жерден хабарлайды.
Бұл мәселеде:
Коронавирус инфекциясынан тағы 25 адам көз жұмды. Осылайша қауіпті кесел құрбандарының саны 610 болды. Жұқпалы дертті соңғы тәулікте 1630 адам жұқтырған. Ал Денсаулық сақтау министрінің пікірінше, елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келе жатыр. «Карантин енгізілгелі коронавирус жұқтыру өсімі 4 пайыздан 2,1 пайызға азайды», - дейді Алексей Цой.
Елімізде 1-тамыздан бастан пневмония мен коронавирус жұқтырғандарға қатысты статистика біріктірілетіні белгілі. Ал әзірге ковид-19-ға қатысты мәлімет күнде жаңартылып отыр. Қауіпті вирус бір тәуліктің өзінде 1630 адамнан анықталды. Оның 745-інде дерттің белгілері жоқ. Кесел құрбандарына қатысты статистика да өсіп барады. Індеттен көз жұмғандардың жалпы саны 610-ға жеткен. Осыған дейін ковид-19 40 жүкті әйелдің өліміне себеп болыпты. Бірақ бұл сүреңсіз статистикаға қарамастан, елдегі эпидахуал тұрақталып келе жатыр дейді Денсаулық сақтау министрі.
Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
-Жүргізілген жедел шаралардың арқасында екі аптада біршама оң нәтижеге қол жеткіздік. Тәулігіне коронавирус жұқтыру өсімі 4 пайыздан 2,1 пайызға азайып, COVID-19 ауруынан жазылғандардың үлесі жалпы ауырғандардың 60 пайызына жетті. Жедел жәрдем шақыру 23 пайызға төмендеп, провизорлық төсек-орындардың жүктемесі 20 пайызға, жансақтау бөлімінің жүктемесі 6 пайызға азайған.
Дегенмен кей өңірлерде жағдай жақсармай тұр. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында соңғы тәуліктің өзінде 163 науқас індеттің ілмегіне ілініпті. Әсірсе Өскемен, Аягөз қаласы мен Жарма ауданы COVID-19-дың ошағына айналған. Сондықтан бұл өңірлерде карантиндік шектеу шаралары күшейтілген. Қоғамдық көліктердің жұмыс кестесі қысқартылып, тұрғындардың себепсіз жүріп-тұруына тыйым салынды. Дәрігерлер дәл осындай шектеулердің арқасында Семейдегі науқас саны азайды дейді.
Бағлан Тауанова, ШҚО тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хатшысы:
-Осыған дейін Семей қаласында қолданылған қатаң шектеу шарасы өз нәтижесін берген болатын. Егер маусым айында бір күнде 40-50 адамнан тіркелген болса, қазір дерт жұқтырғандар азайды. Бүгінде Семейде бір күнде 10-20 науқастан ғана тіркелуде. Қазір осы әдіс ауру өршіп тұрған өзге аудандарға қолданылуда.
Атырау облысындағы ауру жұқтырғандардың жалпы саны 9 мыңнан асты. Президент сынынан кейін бұл өңірге үкімет мүшелерінен құралған арнайы жұмыс тобы келіп, жаңа қаулылар қабылданған. Тіпті көрші облыстар мен Ресейден дәрігерлер шақыртылып, дәрі-дәрмек қоры толықтырылды. Дәрігерлер соның арқасында коронавирус жұқтыратындар едәуір азайды дейді. Мәселен, осыған дейін бір тәулікте 450-500 адамның сынамасынан індет анықталса, қазір 190-200 адамға дейін түсіпті.
Сәдуақас Байқабылов, Атырау облысының бас дәрігері:
-Мемлекет басшысының Атырау облысындағы жағдайға қатысты айтқан сынынан кейін көп нәрсе өзгерді. Осыған дейін ақпараттық, түсіндіру жұмыстарының әлсіздігі, мамандар тапшылығы мен медициналық препараттардың жетіспеушілігі өңірдегі эпидемиологиялық ахуалды ушықтырып жіберді. Жаңа қаулылар қабылданғаннан кейінгі кешенді шаралардың арқасында қазір жағдай біршама тұрақталып келеді.
Соңғы мәлімет бойынша, елімізде қауіпті індетті жұқтырғандардың жалпы саны 73 мыңнан асты. Оның 9 жарым мыңға жуығы алматылық. Осылайша дертке қатысты антирейтингте Алматы көш басына шығып отыр. Одан кейінгі орында Атырау облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы тұр. Қауіпті дертті бүгінге дейін 45 мыңнан астам отандасымыз жеңіп шыққан.
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
Токаев высказался по поводу урегулирования конфликта вокруг Украины
Федеральный канцлер Германии попросил президента Казахстана высказать свое видение урегулирования ситуации вокруг Украины. Глава Бундестага ...
ЦИК показал бюллетени для референдума по АЭС
В Центризбиркоме показали, как будет выглядеть бюллетень предстоящего референдума по АЭС. Казахстанцам будет задан всего ...
Для сохранения исторического наследия Туркестана примут закон
В Туркестане запретят любое строительство вблизи мавзолея Ходжи Ахмеда Ясауи. Для этого Парламент даже намерен ...
Четверо подростков перевернулись на машине в Жамбылской области
Страшная авария в Жамбылской области. Четверо несовершеннолетних решили покататься на машине и перевернулись. В ДТП ...
«Уже середина сентября, и всё копают»: в Балхаше переживают за отопительный сезон
Жители Балхаша переживают по поводу начала отопительного сезона. В городе в самом разгаре замена тепловых ...
Президент произвел кадровые перестановки в КНБ
Кадровые перестановки в Комитете нацбезопасности. С утра в отставку отправлены сразу два руководителя ключевых подразделений ...
Казахстанку, сбежавшую в Турцию с чужими деньгами, вернули на родину
Казахстанку экстрадировали из Турции, чтобы судить за денежные махинации. Она, будучи бухгалтером, присвоила 27 миллионов ...
Несколько стран Европы частично ушли под воду: есть погибшие
Страны Центральной и Восточной Европы частично ушли под воду. Невиданное наводнение унесло жизни как минимум ...
В карагандинском зоопарке у мангобеев родился малыш
В карагандинском зоопарке сегодня похвастались пополнением. У пары редких обезьян – черных мангобеев – родился ...