{metadescription}

Жаңалықтар

Жаңалықтар

Ведущий

Ерланби Дәулетияр

Ерланби Дәулетияр

Байланыс

+77272583665
News@ktk-tv.kz
Жаңалықтар - Хромтауда мас күйде жездесін атқан экс-полицей сотталды

Жаңалықтар - Хромтауда мас күйде жездесін атқан экс-полицей сотталды

10.09.2026

Дүйсенбі-жұма, 20:30

Қайталауы: сейсенбі - жұма, 07:05

Соңғы жаңалықтар, оқиғалар, әлеуметтік өзгерістер, төтенше жағдайлар және аймақ пен әлем тынысы!

"Жаңалықтар" ақпараттық бағдарламасының тілшілері әлемде және елімізде болып жатқан жаңалықтарды аптасына бес рет ұсынады. Саясат, өзекті әлеуметтік мәселелер, мәдениет және әлемде болып жатқан басты жаңалықтарды КТК арнасының тілшілері көрермендерге дер кезінде еш боямасыз қаз-қалпында жеткізіп, қоғамда орын алған төтенше жағдайларды дәл сол оқиға болған жерден хабарлайды.

 

Бұл мәселеде:

Ақтөбеде жездесіне оқ атқан тәртіп сақшысы сотталды. Араққа сылқия тойып алып, қызметтік тапаншасымен қылмыс жасаған экс-полицей он жылға бас бостандығынан айрылды.

Судья сотталушыны аға лейтенант шенінен де айырды. Оқиға осыдан жарты жыл бұрын Хромтау қаласында болды. Келіншегімен қонаққа барған полиция қызметкері тапаншасын тастамай, 16 патронымен бірге ала шыққан. Масайып, дастарқандас жездесімен сөзге келген. Бұрын әпкесіне қол көтергенін бетіне басып, жездесінің жағасына жармасыпты. Күші жетпеген соң, атып тастаған. 37 жастағы жездесінің  сол оқтан қос өкпесі тесіліп, қабырғасы сынып, бауыры жарылған.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.