{metadescription}

Жаңалықтар

Жаңалықтар

Ведущий

Ерланби Дәулетияр

Ерланби Дәулетияр

Байланыс

+77272583665
News@ktk-tv.kz
Жаңалықтар - Шымкент: 39 жастағы жігіт көрші қарияны немересінің көзінше, көшеде ұрып өлтірді

Жаңалықтар - Шымкент: 39 жастағы жігіт көрші қарияны немересінің көзінше, көшеде ұрып өлтірді

10.09.2026

Дүйсенбі-жұма, 20:30

Қайталауы: сейсенбі - жұма, 07:05

Соңғы жаңалықтар, оқиғалар, әлеуметтік өзгерістер, төтенше жағдайлар және аймақ пен әлем тынысы!

"Жаңалықтар" ақпараттық бағдарламасының тілшілері әлемде және елімізде болып жатқан жаңалықтарды аптасына бес рет ұсынады. Саясат, өзекті әлеуметтік мәселелер, мәдениет және әлемде болып жатқан басты жаңалықтарды КТК арнасының тілшілері көрермендерге дер кезінде еш боямасыз қаз-қалпында жеткізіп, қоғамда орын алған төтенше жағдайларды дәл сол оқиға болған жерден хабарлайды.

 

Бұл мәселеде:

Шымкентте зейнеткер көршісін көшеде ұрып өлтірді. Қайғылы жағдай қарияның алты жасар немересінің көзінше болған. 65 жастағы ақсақалды сұлатып салғаны аздай, жуан жұдырықты жігіт көршінің үйіне кіріп, кондиционерін алып кеткен. Полицейлер күдіктіні үйінің шатырында тығылып жатқан жерінен ұстады.

Ауланың алдында болған сұмдық көшедегі камераға түсіп қалған. Көлігін көрші үйдің алдына қойған жігітке баспана қожайыны ескерту жасайды. Ә дегеннен әңгімелері жараспағаны анық, көп ұзамай, екеуі жұдырықтаса кетеді. 39 жастағы жігіт 65 жастағы көршісін ұрып құлатып, сұлқ түскен қартқа тағы бірнеше соққы жасайды. Сорақысы сол, мұның бәрі алты жасар бүлдіршін қыздың көзінше болған.

Пайғамбар жасынан асқанда қоңсының қолынан көз жұмған Хурсанбек Тұрсынқұловтың жаназасын бүгін шығарды. Марқұмның туыстары жуан жұдырықты көршімен жиі жанжал болғанын айтады.

Айниса Жаппарқұлова, марқұмның туысы:

— Анадай қарбыз сатса,  «сен мына жерге неге түсірдің» деп, одан да ұрыс шыққан. Өзінің үйі арғы бетте, бергі таман машинасын қойып, содан ұрыс шығып, ерегесіп жүрген. Ұрған, ұрғаннан кейін құлаған, ол құлағаннан кейін кеткен. Ары қарай жолдың ортасында барған да, түк болмағандай қайтып келіп, үйде тұрған кондиционерін қолтығына тығып, аспай-саспай үйіне кіріп кетті.

«Болмашы нәрсеге бола, Хурсанбек ақсақалдан айрылдық» деген көршілері, 39 жастағы Ділмұрат туралы жақсы пікірде емес. Ішімдік пен есірткіге әуес екенін айтады.

Бахадыр Исламов, күдіктінің көршісі:

— Жақсы адам емес. Мінезі шатақ, былай айтқанда, қасақана арандатып,  қалай айтсам екен, ішімдік ішеді, есірткі қолданады. Есірткісін тартып жүретін адам . Сол үшін көбісі онымен жақсы тұрмайды. Біраз адамды жерге қаратқан.

Көршісін өлтірген соң үйіне қашқан күдіктіні полицейлер баспананың шатырынан тауып, бірден қамауға алды.

Нұрлыбек Әлібекұлы, Шымкент қаласы ПД Криминалдық полиция басқарма бастығының орынбасары:

— Күдікті жедел түрде анықталып құрықталды. Оқиғаның мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр.

Тиісті сараптамаларды тағайындаған полицейлер соның шешімімен қылмыстық іс қозғайды. Күдікті тыйым салынған препараттар қолданған деген нұсқа да бар. Ал әзірге оқыс оқиға болған "Хамза" шағын ауданын полицейлер әлі де күзетіп жүр.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.