{metadescription}

Жаңалықтар

Жаңалықтар

Ведущий

Ерланби Дәулетияр

Ерланби Дәулетияр

Байланыс

+77272583665
News@ktk-tv.kz
Жаңалықтар - Талдықорғанда әйелін ұрып-соғып, қарумен қорқытқан ер адамға қылмыстық іс қозғалды

Жаңалықтар - Талдықорғанда әйелін ұрып-соғып, қарумен қорқытқан ер адамға қылмыстық іс қозғалды

05.10.2026

Дүйсенбі-жұма, 20:30

Қайталауы: сейсенбі - жұма, 07:05

Соңғы жаңалықтар, оқиғалар, әлеуметтік өзгерістер, төтенше жағдайлар және аймақ пен әлем тынысы!

"Жаңалықтар" ақпараттық бағдарламасының тілшілері әлемде және елімізде болып жатқан жаңалықтарды аптасына бес рет ұсынады. Саясат, өзекті әлеуметтік мәселелер, мәдениет және әлемде болып жатқан басты жаңалықтарды КТК арнасының тілшілері көрермендерге дер кезінде еш боямасыз қаз-қалпында жеткізіп, қоғамда орын алған төтенше жағдайларды дәл сол оқиға болған жерден хабарлайды.

 

Бұл мәселеде:

Талдықорғанда әйелін ұрып-соғып, қарумен қорқытқан ер адам ұсталды. Бұл оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Бейнежазбадан іш киімдегі ер адамның аулада әйелін қуып жүргенін байқауға болады. Қолында қару бар. Алдын ала болжам бойынша, жанжал бір жасар баланың жылап, әкесінің ұйықтауына кедергі келтіруінен басталған. Әйел сол күні бірден полицияға арыз жазған.

Күдікті ұсталып, қаруы тәркіленді. Қылмыстық іс қозғалған. Ер адам қазір уақытша ұстау изоляторында. Ал әйелі мен сәбиі дәрігерлердің тексеруінен кейін дағдарыс орталығына орналастырылды.

Руслан Чарапиев, Жетісу облысы ПД бастығының орынбасары:

– Полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу жетіп, ер адам ұсталды, пневматикалық қару тәркіленді. Дене жарақатын келтіру және қорқыту деректері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұған дейін әйелінен полицияға арыз-шағым түспеген.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.