Жаңалықтар
Ведущий
Ерланби Дәулетияр
Байланыс
News@ktk-tv.kz
Жаңалықтар - «Жүректе жара қалды». Ақтауда оқу-жаттығу кезінде аман қалған үш сарбаз үйіне оралды
05.10.2026
Дүйсенбі-жұма, 20:30
Қайталауы: сейсенбі - жұма, 07:05
Соңғы жаңалықтар, оқиғалар, әлеуметтік өзгерістер, төтенше жағдайлар және аймақ пен әлем тынысы!
"Жаңалықтар" ақпараттық бағдарламасының тілшілері әлемде және елімізде болып жатқан жаңалықтарды аптасына бес рет ұсынады. Саясат, өзекті әлеуметтік мәселелер, мәдениет және әлемде болып жатқан басты жаңалықтарды КТК арнасының тілшілері көрермендерге дер кезінде еш боямасыз қаз-қалпында жеткізіп, қоғамда орын алған төтенше жағдайларды дәл сол оқиға болған жерден хабарлайды.
Бұл мәселеде:
Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде аман қалған үш сарбаз мерзімді әскери қызметін аяқтап, үйіне оралды. Әскери-теңіз күштері қатарында 14 қаруласынан айырылған жауынгерлерді жақындары қуанышпен қарсы алғанымен, үйге оралуы ауыр үнсіздікпен өтті.
Қайғылы оқиғадан аман қалғандардың бірі – Жаңаөзен қаласының 19 жастағы тұрғыны Ақжол Темірхан. Ол облыстық ауруханадан жақында шыққан. Оқиғадан кейін сарбазға қажет медициналық көмек көрсетілген.
Әскер қатарына Атырау облысынан шақырылған Қуандық Бекет пен Батыс Қазақстан облысының тумасы Никита Удалов та әскери қызметін аяқтап, туған-туыстарымен қауышты. Әлеуметтік желіде олардың теміржол вокзалында жақындарымен қауышқан сәті тарады. Атыраулық сарбаз Қуандық Бекет әлеуметтік желідегі жазбасында бірге қызмет етіп, бір сапта жүрген қаруластарынан айырылу өзіне ауыр тигенін жазды. Оның айтуынша, өзі аман қалғанымен, сол күнгі қайғы-қасірет жүрегінде жара болып қалады.
Бекет Қуандық:
— Қаза тапқан қарулас бауырларымның отбасына, туған-туыстарына шын жүректен көңіл айтамын. Бірге қызмет еткен, бір сапта жүрген жігіттерден айырылу – жүрекке ауыр соққы. Мен аман қалғаныммен, сол күнгі қайғы мен қасірет жүрегімде мәңгі қалады. Қасымда болуы тиіс бауырларымның енді арамызда жоқ екені жанымды ауыртады. Біз оларды ешқашан ұмытпаймыз. Олар – қаруластарымыз, бауырларымыз. Ерлігі мен жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады. Жандары жәннатта болсын, бауырларым! Барша біз үшін уайымдап, дұғада болған қазақ елі, сіздерге Алла разы болсын!
Кеңінен танымал
Соңғы шығарылымдар
Убийство директора сети АЗС всколыхнуло Актобе
В Актобе сегодня произошло громкое убийство. Директор сети автозаправочных станций, по предварительной версии, был застрелен ...
Поножовщина в школе Астаны: комментарий полиции
Двое детей пострадали от поножовщины прямо в столичной школе. В местном департаменте полиции сообщили, что ...
Гибель студента КазНУ: подозреваемый задержан
В Алматы расследуют гибель студента Казахского национального университета имени аль-Фараби. Полиция задержала подозреваемого. Это уже ...
У КНБ сменился руководитель: в Акорде объяснили причину
Важнейшая силовая структура Казахстана сменила председателя. На пятый день после громкого задержания топ-менеджеров фонда «Самрук-Қазына» ...
У казахстанских детей может появиться новый документ
У казахстанских детей может появиться еще один обязательный документ, кроме свидетельства о рождении. Как он ...
Начался суд по делу о гибели мужчины в метро Алматы
В Алматы начался процесс по делу о гибели незрячего мужчины на станции метро. На скамье ...
Пожар в спортшколе Алматы: комплекс восстановят на том же месте
В Алматы восстановят пострадавшую от пожара спортшколу. Накануне огонь полностью уничтожил двухэтажный зал на территории ...
Зачем в казахстанские школы вернули диктанты и сочинения
Почему диктанты и сочинения вернули в казахстанские школы со второго класса, объяснила министр просвещения. К ...
Казахстан ввел запрет на импорт яиц
В Казахстан снова запретили ввозить куриные яйца. Соответствующий приказ подписал министр сельского хозяйства. Эмбарго коснется ...