{metadescription}

Жаңалықтар

Жаңалықтар

Ведущий

Ерланби Дәулетияр

Ерланби Дәулетияр

Байланыс

+77272583665
News@ktk-tv.kz
Жаңалықтар - «Гранд Атырау» тұрғын үй кешенінде ауыр салмақтан лифт құлады

Жаңалықтар - «Гранд Атырау» тұрғын үй кешенінде ауыр салмақтан лифт құлады

05.10.2026

Дүйсенбі-жұма, 20:30

Қайталауы: сейсенбі - жұма, 07:05

Соңғы жаңалықтар, оқиғалар, әлеуметтік өзгерістер, төтенше жағдайлар және аймақ пен әлем тынысы!

"Жаңалықтар" ақпараттық бағдарламасының тілшілері әлемде және елімізде болып жатқан жаңалықтарды аптасына бес рет ұсынады. Саясат, өзекті әлеуметтік мәселелер, мәдениет және әлемде болып жатқан басты жаңалықтарды КТК арнасының тілшілері көрермендерге дер кезінде еш боямасыз қаз-қалпында жеткізіп, қоғамда орын алған төтенше жағдайларды дәл сол оқиға болған жерден хабарлайды.

 

Бұл мәселеде:

Атырауда төрт адам мінген жеделсаты құлады. Абырой болғанда бәрі дін аман. Оқиға қала орталығындағы 18 қабат «Гранд Атырау» тұрғын үй кешенінде болыпты. Жауаптылардың айтуынша, лифт кабинасы ауыр салмақты көтере алмай қалған.

Үшінші қабаттан мінген тұрғындар төменге құлаған. Мұндағы жедел сатыға шағым осыған дейін де болған көрінеді. Он жылдан аса уақыттан бері бірде-біреуі ауыстырылмапты. Апаттан зардап шеккен төрт адамның үшеуі ауруханаға жеткізіліп, кейін үйіне жіберілген. 

Дәрігерлер ауыр жарақат алғандар жоқ дейді. Қазір оқиғаның нақты себебі анықталып жатыр. Жедел сатыға жауаптылар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарасын қолға алғанын айтады. Сондай-ақ, қаладағы бүкіл лифтінің техникалық жағдайын тексермек.

Дәурен Құлахметов, травматолог:

— Сағат 10-11 аралығында зақым-жарақат бөліміне үш науқас түсті, лифтіден құлады деп. Кеудесі мен омыртқа тұсы ауырғанына шағымданды. Рентген түсірілді, көмек көрсетілді, одан әрі қарай амбулаторлық емге жіберілді.

Соңғы шығарылымдар

Қосымша шығарылымдарды көрсету

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.