{metadescription}
Қайсар жесір

Қайсар жесір

СӘРСЕНБІ - ЖҰМА 07:30

Мелодрама

Бұл фильм өте бай атасы бар Виплав Трипатхи дейтін жігіттің өміртарихын баяндайды. Уақыт өте келе, ол қамсыз, мұңсыз тірлік кешу үшін, шетелге кетпекші болады. Алайда күтпеген жерден бір қызбен танысудың арқасында бұл ойынан бас тартады. Дхани – жесір келіншек. Алғашқы кездері жігіт өзімен бәстескен достарын ұту үшін Дханимен кездесіп тұрады. Күйеуінен жастай айырылған қыз дәл өзіндей жесірлермен бірге өмір сүріп келеді. Бар мақтауын жеткізіп, бабын тауып жүрсе де, жігіт тағы да алғашқы теріс ойынан қайтып, қыздан кешірім сұрайды. Халықтың қайдағы бір қажетсіз көне дәстүрлерді ұстанып жүргенін көрген арлы жігіттің әбден басы қатады. Виплав әлгіндей тозған дәстүрлердің бәріне қарсы тұрып, жесір әйелдерге деген жұрттың тұрпайы көзқарасын түгел теріске шығарады. Алайда өз бақытына қол жеткізе алар ма екен? Тезірек білер ме еді?!..

Рөлдерде: Эйша Синх, Мишаль Рахеджа, Гарима Викрант Сингх

Қазір эфирде