{metadescription}
Орманшы. Өз жерім

Орманшы. Өз жерім

ДҮЙСЕНБІ – БЕЙСЕНБІ - 00:10

Детектив

Бұрынғы арнайы жасақ сарбазы Леонид Зубовты тағдыр ну орманның ортасында тұрған мүлгіген тайгадағы бір деревняға апарып тастайды. Зубов дәл осы жерден көптен күткен жан тыныштығын ғана емес, өзінің жанына жайлы жұмысты табам деп ойлайды. Бірақ бәрі өзі ойлағандай боп шықпайды: деревняда қылмыс өршіп тұрады. Жергілікті тұрғындар браконьерліктен, заңсыз бизнестен және жан шошытар криминалдық жағдайдан қорқып, өз-өздерін қорғай алмай жүреді. Зубов бұған шыдай алмай, өз жақтастарымен қосылып, қылмыскерлермен күресуге кіріседі. Ақыр соңында Зубов жергілікті тұрғындар арасында зор беделге ие болады. Бір күні күтпеген жерден жайсыз жағдай туындайды. Оның қауіпті дұшпаны пайда болады. Зубов оны жақсы танитын болып шығады. Саша Рафинад екеуі бір түрмеде бір мезгілде мерзімдерін өтеген болатын, ол жерде Рафинад аса беделді адам болып еді. Ол тып-тыныш жатқан деревняға қараушы боп жұмыс істеуге келеді, алайда Зубов оның әлдебір жымысқы жоспары барын сезеді. Сондай-ақ жаңа серияларда Зубов өзінің қас дұшпаны Александр Астаповскиймен де кездеседі, ол тайгаға өзінің бас мүддесін ойлап келген. Екеуінің арасында орман алқабы үшін күрес басталады, олардың бірі – «өз жерім» деп күрессе, екіншісі – бизнесіне қажетті ресурс үшін күреседі.

Басты рөлдерде: Олег Штефанко, Алексей Булдаков, Анна Большова

Қазір эфирде