{metadescription}
Саяқ сарбаз

Саяқ сарбаз

ДҮЙСЕНБІ - БЕЙСЕНБІ - 21:40

Детектив (16 бөлім)

Глеб Мечников – Одессаның пара алмайтын, өз айтқанынан қайтпайтын полицейі. Әріптестерін ешқашан да ұятқа қалдырмаған ол күш-жігеріне ғана сенім артып, бос сөз бен болжамға емес, сана-сезімі мен кәсіби түйсігіне көбірек арқа сүйеп үйренген. Тергеуді өте сауатты жүргізуге септігін тигізер табандылығының арқасында Мечников қызметтестерінің арасында құрметке бөленіп, басшыларының сеніміне ие болды.  

Өжет жігіт тек жалғыз қызы Кристинаны тәрбиелеу барысында ғана әдеттегі қаталдығынан айрылып, әкелік мейірімімен ерекше елжірей қалатын. Ерке өскен өзге жеткіншектер тәрізді, бұл қызбен де кейде тіл табысу оңайға түспейтін. Әйтсе де, Глеб анасынан ерте айрылған қызының бетінен қақпауға тырысатын. Кристинаға әкесі басқа қыз-келіншектерге көз салар болса, марқұм әйелінің әруағын қатты күйзелтердей көрінетін. Жедел іздестіруші жігітке аңсары ауған Злата мен Оксана секілді көңілі тоқ, қайғысы жоқ қыздардың қырындауы үйдегі кикілжіңнің шоғын қыздыра түскендей еді. Бәлкім, бойжеткен соң, әкесінің жай-күйін түсінер, ал, әзірше бәрінің де сол қалпында қалғаны жөн сияқты. Анасының тура қайтыс болған күнін еске алар кеште Глебтің үйге келмеуі Кристинаның тағы да жанжал шығаруына әкеліп соқты. Ақыл тоқтатқан қызы шын мәнісінде әкесінің көңілдес әйелдерінің қасында емес, қайдағы бір қисынсыз қылмыс үшін күдікті ретінде абақтыда түнеп шыққанын тыңдағысы да келмеген.

Жігіт енді бастықтарына сездірмей, өзіндей өжет тергеушіні орға жықпақ болғандарды іздеуге кіріседі...

Рөлдерде: Ирина Ефремова, Алексей Горбунов, Андрей Стоянов, Николай Боклан

Қазір эфирде